» » Кәсіпкерлік бастамаға өріс кең

Кәсіпкерлік бастамаға өріс кең

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев бастаған жұмысшы тобы Төребай би, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округтерінде болды.

Ауылдық округ тұрғындарымен кездесудің мақсаты ауылдық елді мекендерде орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мен ауыл шаруашылығы саласын дамыту болып табылады.

Ауыл тұрғындарымен кездесулерде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы ауылдық округтерде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер бизнесін ашуға немесе қолданыстағы бизнесті кеңейтуге бағытталған жұмыстар туралы кеңес беруге сала мамандары келіп отыр.

Ауылдық елді мекендерде ауыл шаруашылығы саласы мен кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша сауалдарыңыз бен ұсыныс пікірлеріңізді білдіре аласыздар. Ауылдық округ кәсіпкерлерін мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуға шақырамын. Бағдарламалардың тұрғындар үшін тиімді тұстары өте көп,- деді.

Көптеген шаруалар несие алу кезінде кепіл қою жетіспеушілігі мәселелеріне тап болатыны белгілі. Нарықта ауыл мүлкінің төлем өтімділігі төмен болуы шаруаларға қажетті қаражатты алуға мүмкіндік бермейді.

Сондықтан өңірлік қаржы ұйымдарының мамандары арнайы ауылдық – елді мекендерді аралап, кеңестерін беріп, тұрғындармен ашық сұхбаттасты.

Төребай би, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу барысында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е.Әбдікеров, «Жұмыспен қамту орталығының» директоры О.Мұнарбаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қармақшы ауданындағы филиалының директоры А.Өтегенов және қаржы ұйымынан Қызылорда қаласынан арнайы келген «Өңірлік қаржылай қолдау орталығы» несие бөлімінің бас сарапшысы Д.Анасбаев шағын кәсіпкерлік саласын қолдау бағытында тұрғындарға жеңілдетілген несие шарттарын және қайтарымсыз грант түрлерін түсіндірді.

Сонымен қатар кездесуде аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы О. Бодыбаев ауыл шаруашылығы жерлері мен жайылымдық жерлерді рәсімдеу жайлы, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ә. Омаров, көкөніс бау- бақша дақылдарын орналастырудың тиімділігі туралы тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ тұрғындарға ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы мал шаруашылығына берілетін субсидиялар туралы жан-жақты түсіндірме жасады. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев әрбір сала бойынша тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстар жинақталатынын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

05 наурыз 2021 ж. 725 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031