» » Аудан әкімі ел алдында есеп берді

Аудан әкімі ел алдында есеп берді

Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков ел алдында есеп беру жиынын аудан орталығы Жосалы кентінде қорытындылады.

Биыл пандемия жағдайына байланысты және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында есепті кездесулер онлайн форматта өтті. Жосалы кенті мен Төретам кентінің және барлық ауылдық округ тұрғындары онлайн байланысқа шығып, сауалдарын жолдауға мүмкін берілді.

Жиында аудан басшысы ауданымыздың өткен 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуында атқарылған жұмыстар мен биылғы жылы атқарылатын негізгі міндеттер туралы баяндады.

Сонымен бірге аудан әкімі баяндамасында кәсіпкерлік саласына тоқталып, ауданымызда 2020 жылы 180 жоба 838,9 млн. теңге несиелендіріліп, 329 азаматқа 199,8 млн.теңгенің гранты берілгенін, оның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 4 жоба 28,0 млн теңгеге, «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 92 жоба 550,7 млн теңгеге несиелендіріліп, ісін жаңа бастаушы 9 кәсіпкерге жалпы құны 22,0 млн теңгенің грантын, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» «Еңбек» бағдарламасы аясында 84 жобаға 260,2 млн теңге шағын несиелер және 320 азаматқа 177,8 млн теңгенің гранттары берілгенін айтып өтті.

Сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында биылғы жылы аудан бойынша 70 өндірістік шағын жобалар іске асырылды.

Оның ішінде жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша – 25 цех, құрылыс материалдарын өңдеу бойынша – 15 цех, тамақ өнеркәсібі – 30 цех жұмыс жасауда.

Онлайн қашықтықтан өткізілген жиын барысында аудан әкімі Мұса Оспанұлы алдағы уақытта шағын және орта кәсіпкерлік саласын қолдау бағытында атқарылатын жұмыстарды, газдандыруды аяқтауды, жолдарды жөндеуден өткізу сынды басқа да жоспарланған жұмыстарды баяндап өтті.
Сонымен бірге айтылған ұсыныс-пікірлердің назардан тыс қалмай ескеріле отырып, жұмыс барысында назарда болатынын жеткізді.

Осылайша, бүгінгі кент, ауылдық округтің тұрғындары алдындағы 2020 жылды қорытындылаған есепті кездесу өз мәресіне жетті. Аудан тұрғындары табысты атқарылған жұмыстарға оң бағаларын беріп, аудан әкімінің алда атқарылатын жұмысына сәттілік тіледі.

02 ақпан 2021 ж. 709 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031