Аудан әкімінің есеп беру жиыны онлайн форматта өтуде

Өткен жылдың негізгі ерекшеліктері мен маңызды шараларына тоқталған аудан басшысы өңірдегі кәсіпкерлік, құрылыс, ауылшаруашылығы білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет салаларындағы жетістіктерді саралап шықты.

Құрылыс жұмыстарында жүргізіліп жатқан басты жобалардың бірі - бұл аудан орталығы Жосалы кентінінің газдандыру мәселесі.
2020 жылы газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарту желілерінің құрылысын толық аяқтау мақсатында 2 млрд 343 млн.теңге қаржы тартылған. Осы қаржы аясында 159,5 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 6 дана газ тарату пунктері және 2569 шкафты тарату пунктері орнатылды. Жобаның аяқталу мерзімі 2021 жылдың ІІ тоқсаны болып табылады.
Сондай-ақ, ауданымызда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 3 млрд теңге қаржы көлемінде 40 жобасы іске асырылды. Осы жобалар аясында жалпы аудан бойынша 804 адам жұмыспен қамтылды. Кездесуде кенттер мен ауыл тұрғындары тарапынан туындаған сауалдарға тиісінше жауап берген аудан әкімі қозғалған мәселелер назарда болып, шешімін табуы үшін тиісті шаралар жүргізілетінін мәлімдеді.