» » 15000 теңгелік сертификатты 15 мұқтаж отбасыға табыстады

15000 теңгелік сертификатты 15 мұқтаж отбасыға табыстады

Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру мақсатында жыл басынан бері кент және ауылдық округтерде бірқатар жоба бағдарлама шеңберінде ілкімді істер жүзеге асырылуда. Соның бірі – ауданда көрініс тапты.
Жақында Жосалы кенті орталы- ғында «Мега Планета» желілік киімдер дүкенінің ашылуы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков құттықтау сөз сөйлеп, жергілікті жаңа нысанның лентасын қиды.
– Қазір елімізде кәсіпкерлікті қолдауда түрлі мемлекеттік бағдарламалар көбейсе, бүгінде аудан халқы оның игілігін көруде. Соның бір дәлелі кентімізде ашылғалы тұрған желілік киімдер дүкені. Мұндай орталықтар ауданға әлі де керек. Себебі кәсіпкер көбейген жерде бәсекелестік болса, бәсеке бар жерде бағаның төмендеуі, сапасы қамтамасыз етіледі. Сондықтан кәсіпкер азаматтарға елдің игілігі үшін жұмыс істеуге тілекшімін, – деді аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы.
Желілік дүкенде ауданнан төрт адам жұмыспен қамтылған. Түрлі үлгідегі киімдер мен тұрмыстық тауарлар тиімді бағада сатылмақ. Іс-шарада кәсіпкер азамат Шодиходжа Шарофудинов қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, 15000 теңгелік сертификатты 15 мұқтаж отбасыға табыстады. Дүкенге кіргендер сертификат бойынша қалаған киіміне тегін қол жеткізді.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
17 шілде 2022 ж. 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 227
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031