» » Кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру маңызды

Кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру маңызды

Мемлекет басшысы Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Сонымен қатар облыс әкімінің өңірді дамытудағы жаңа серпін беретін «Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары» аясында аудан көлемінде шағын және орта кәсіпкерлік бастамаларды іске асырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында серпінді жұмыстар іске асырылуда.
Осы ретте аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев елді мекендерді аралап, өнеркәсіптік өңдеудің жаңа бағыттарын айқындау мақсатындағы сапары Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде жалғасты.
Сапар аясында Төретам кентіндегі жеке кәсіпкер Өміртай Сәбиттің жиһаз жасау цехымен танысты.
Сонымен бірге Ақай ауылдық округінде орналасқан шағын жиһаз жасау цехымен, газоблоктар шығару цехының және шағын жылыжайдың жұмысын аралап көрді.
Ақай ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Жаппасбаев Ерланның күн энергиясын алу панелдері орналасқан нысанымен танысты. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкер күн энергиясының қуатымен Ақай ауылындағы екі көшенің тұрғындарын энергиямен қамтып отырғанын жеткізді.
Кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында аудан басшысының орынбасары - Ірі өндірістер айналасында ілеспе бизнес құрып, өркендеудің нақты қадамы белгіленді. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өткен жылы аудан бойынша 70 өндірістік шағын жобалар іске асырылды.Бұл мақсаттағы жобалар үстіміздегі жылы да жалғасын табуы қажет.
Мысалы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округтерінде кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндіктер мол. Байқоңыр қаласынан мал өнімдері мен азық-түлікке сұраныс жоғары. Осы ретте өндірістегі өңдеу цехтары немесе мал бордақылау алаңдары бағытында жұмыстарды жандандыру маңызды, - деді аудан әкімнің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы.
Кәсіпкерлік саласының жандануы қандай кезеңдеде болмасын тұрғындардың әл-әуқатының артуына әсерін тигізеді.
Жаңадан кіші цехтар ашуды, ауылдық елді мекендерді дамытудың өзге де салаларына баса назар аударып, тиісті шаралар қабылдауды сапар барысында тиісті жауапты басшыларға жүктеді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
27 сәуір 2021 ж. 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031