» » Қармақшыдағы шағын өндірістік цехтардың жұмысы қарқынды

Қармақшыдағы шағын өндірістік цехтардың жұмысы қарқынды


ЖОСАЛЫ, 27 мамыр – qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков Дауылкөл, ІІІ Интернационал, Жаңажол ауылдық округі мен Жосалы кентінде орналасқан шағын өндірістік цехтарды аралап жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.


Аудан басшысы Мұса Оспанұлы Дауылкөл ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Шыныбекова Ақшолпанның наубайханасын аралап көрді.

Жеке кәсіпкер А. Шыныбекова «Шағын наубайхана» бизнес жобасы аясында 505 мың теңге қайтарымсыз грантын ұтып алған болатын. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының нан өнімдеріне сұранысын қамтамасыз етіп отыр.

Келесі нысан ІІІ-Интернационал ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Оңалбай Бүркітбайдың «Мал азықтық жем-шөп дайындау цехы» бизнес жобасымен танысты. Өткен жылы жеке кәсіпкер Оңалбай Бүркітбай «Бизнес - кеңесші» оқу курсынан өтіп, бизнес жобасын сәтті қорғап шыққан болатын.

Сонымен бірге аудан басшысы «Жаңажол» ауылдық округіндегі құрылыс материалдарын өндіру цехының жұмысымен және дәнекерлеу цехының жұмысының іске асырылу барысымен танысты.
Аталған цехтар үстіміздегі жылдың наурыз айында жұмысын бастаған болатын. Қазіргі таңда тұрғындарға қажетті құрылыс бұйымдарын шеге, тор сым тағыда басқа қажетті өнімдермен қамтамасыз етуде.
Аудан әкімі Жосалы кентіндегі шағын кәсіпорындарды аралау барасында жеке кәсіпкер М. Қалбаевтың пластик терезелер мен есіктер шығару цехының жұмыс барысын көрді.
Сонымен қатар Жосалы кентінің тұрғыны жеке кәсіпкер Елубаев Әмит цехында болып, кәсіпкердің жоспарымен танысты.
Өткен жылы жеке кәсіпкер Елубаев Әмит қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында «Жиһаз цехын ашу» бизнес жобасын сәтті қорғап шыққан болатын. Қазіргі таңда бизнес жобада көрсетілген құрал-жабдықтарды сатып алып 4 азаматты жұмыспен қамтып отыр.
Үстіміздегі жылы барлық кент, ауылдық округтерде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, өндіріс пен қызмет көрсету бағытында кәсіпкерлік жобаларды іске асыру міндеті жүктелген болатын.

Еліміздің экономикасының қозғаушы күшінің бірі шағын кәсіпкерлік саласы екендігі белгілі.

Осы ретте, аудан әкімі Мұса Оспанұлы кәсіппен айналысуға ниет білдіргендерге жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқандығын тілге тиек етіп, халықты отандық өнімдермен қамтамасыз етіп отырған кәсіп¬керлерге ризашылығын білдірді.

27 мамыр 2020 ж. 824 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031