Кент көркейіп келеді
Уақыт алға жылжыған сайын Қармақшы өлкесі де көштен қалмай дамып келеді. Ауданда жыл сайын жаңа жарқын бастамалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде ауылдың келбетін жақсарту, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына ерекше ден қойылған. Аудан орталығы Жосалы да біраз жаңарғаны анық. Десе де кентті көркейту жұмыстары әлі де тоқтаған жоқ. Мұны біз мониторинг жұмысының барысында байқадық.
Өткен аптада «Qutty meken» партиялық жобасы шеңберінде «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы» инфрақұрылымдық жобаларын іске асырылуын мониторинггтік топ бақылап көрді. Нақтылап айтсақ, елді мекендерді абаттандыру бойынша құрылған арнайы бақылау тобы Жосалы – Жалағаш автожолы мен Жолдыбаев көшесін жарықтандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Сонымен қатар Мәдениет үйіне кіре берістегі арканың он жағын абаттандыру үшін істеліп жатқан жұмысты көріп қайтты. Абыт көлінің қоршау жұмысы да арнайы бақыланып, жұмыс барысымен танысты.
Айта кетерлігі, кент көшелерін жарықтандыру мәселесі қарқынды жүзеге асырылып келе жатқаны қуантады. Сондай-ақ өнер ордасы саналатын Мәдениет үйінің ауласы да біраз көркейіп, сәнін келтірері сөзсіз. Автожолды жарықтандыру мен көлге қоршау орнату да маңызды болып келгені анық. Бүгінде бұл істің барлығы қолға алынды. Онымен қоса ауданның жұмыссыз азаматтары қызмет етіп, тиесілі айлығын алуда.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ