» » 40 жоба, 800 жұмыс орны

40 жоба, 800 жұмыс орны


Сенбі, жексенбі күндері аудан басшысы Мұса Қалдарбеков шалғай елді мекендерді аралады. Сапар Т.Көмекбаев ауылдындағы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс барысымен танысудан басталды. Қазір бұл ауылда бағдарлама аясында ауылдық аурухана ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шатырына демонтаж жасалып, төбесі толық жабылды. Ішкі есіктері жаңадан қойылып, бөлмелері сыланып, терезелері салынуда. Жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі нысанды мерзімінде аяқтауды тапсырып, жұмыстың сапалы орындалуына тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді. Ал Абай көшесіне жаяу жүргіншілер жолын орнатуға байланысты 800 метрге бордюр қойылып, брусчатка төсеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Одан соң сапар Қуаңдарияда жалғасты. Мұнда ол атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Биыл Қуаңдария ауылында тұрғындар 51 гектарға бақша, көкөніс дақылын егіп, күтімге алған. Әрі ауылдық округ аймағында жасыл белдеу қалыптастыру мен абаттандыру мақсатында 400-ге жуық жас ағаш көшеттері отырғызылған.

Алдашбай ахун, Дауылкөл, Ақжар, Ақтөбе ауылында болған Мұса Оспанұлы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында басталған, абаттандыру бойынша атқарылған жұмыстарды арнайы аралап көрді.

Айта кетейік, қазір бұл бағдарлама аясында Алдашбай ахун ауылындағы Майлыөзек, Ақжардағы М.Мәмбетов, Ақтөбедегі А.Иманов көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін жерін тегістеуде. Жұмыс сапарында аудан басшысы ауылдық округ әкімдеріне орындалар жұмыстың сапалы болуына, әрі ауылды абаттандыруда нақты тапсырмалар берді.

Сенбілік жұмыс сапары жексенбі күні ІІІ Интернационал, Ақтөбе, Жаңажол, Иіркөл, Төребай би, Қармақшы ауылы мен Қызылтам елді мекенінде жалғасты. Сапарда Мұса Қалдарбеков кәсіпкерлік нысандарды, ауылдық елді мекендерді абаттандыру мен «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеді.

ІІІ Интернационал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолдау бағытында бірнеше бастама жүзеге асуда. Мәселен, шаруашылық тарапынан тігін цехының жұмысы, жылыжайда көкөніс өсіру сынды жаңа жобалар қолдау тауып, жүзеге асырылуда. Мұнда абаттандыру, көркейту-көгалдандыру бағытында жүйелі істер атқарылған. Қазір бағдарлама аясында Қазақ көшесіне орташа жөндеу жұмысы басталған.

Ал Дүр Оңғардағы «Жаңажол» серіктестігінің демеушілігімен бетон өндірісі қолға алынуда. Темір бетон бұйымдарынан аяқ-су арықтарына арналған лоток шығарып, ауылдық елді мекенді абаттандыру бағытында жобаларын жүзеге асыруда. Аудан басшысы шаруашылықтағы бақша, көкөніс дақылдарын өсіру алқабында болып, атқарылған жұмысқа оң бағасын берді.
Одан соң Иіркөл мен Төребай би ауылындағы әлеуметтік нысандарды аралап, елді мекендердің абаттандыру бағытындағы жұмысын таразылады. Ал Қармақшы ауылдық округіндегі жұмыс сапарында №13 «Балбөбек» ясли балабақшасы ағымдағы жөндеу жұмысының жүргізілу барысымен танысты. Бүгінде балабақшаның шатыры ауыстырылып, еденіне бетон құю толық аяқталған. Осы кезеңде ғимарат сыртын қаптау және ішкі кәріз су жүйелері орнатылуда. Өз кезегінде Мұса Оспанұлы ауыл әкімдеріне бағдарлама аясында жүргізілетін жұмыстардың сапалы орындалуын тапсырды.

Жалпы ауданда биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 40 жоба жүзеге асып, 800-ден аса жұмыс орны құрылмақ. Тұрғындар әлеуметтік нысандарды жөндеуге, елді мекендерді абаттандыруға, өзге де құрылыс жұмыстарына тартылып жатыр. Сонымен қатар, жолдар мен әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу, елді мекендерді абаттандыру жұмыстары да басталмақ.

Айнұр ӘЛИ
23 маусым 2020 ж. 771 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 888

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930