» » Көше – кенттің көркі

Көше – кенттің көркі

qarmaqshy-tany.kz Еңбегі мен еңсесін тіктеп келе жатқан еліміз жылдан-жылға дамып, көркейіп келеді. Сондай сергек серпінмен Сыр елінің, оның ішінде ауданның экономикасы уақыт көшімен жылдам дамуда. Кент іші көркейіп, жаңа нысандар бой көтеруде. Сондай-ақ балалар ойын алаңы көптеп салынып, көшелер жөндеуден өтіп, ел көңілінен шығып келеді. Бір сөзбен айтқанда ауданның макроэкономикалық көрсеткішінде өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда оң динамика бар.
Кенттегі ілгері көш алған жұмыстардың тағы бірі – орталық көшелердің қайта қалыпқа келуі. Халықтың көкейінде мәселеге айналған Амангелді көшесі бүгінгі күні орташа жөндеуге алынып, жұмыстары басталып кетті. Осыған дейін бірнеше жыл бойы сапасы кетіп, шұрық- тесікке айналған бұл көше талай тұрғынның сынына ұшырап, жиындарда мәселе болып көтерілген еді. Әсіресе көлік тізгіндеген жүргізушілердің «Қашан бұл көше жөнделеді?» деген уәжін құлағымыз жиі шалып жүр. Батыр атындағы көшенің бұлай жылдан-жылға сыны кетіп жатқаны кімді болмасын алаңдатары сөзсіз. Көптің тілегі қабыл болғандай енді ол күндер де артта қалмақ. Амангелді көшесін орташа жөндеу және абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 150,0 млн теңге қаржы бөлінді. Қалған 40,8 млн теңгесі келер жылы аудандық бюджеттен орындалады. Қазіргі таңда мердігер мекемелер өз жұмыстарын жүргізуде.
– Бұл жобалар келісім-шарт бойынша өтпелі нысан ретінде алдағы жылдың наурыз, сәуір айында аяқтауға келісілген. Амангелді көшесін орташа жөндеу барысында жаяу жүргіншілер жолын салу, металды орындықтар мен аяқ су жолына лотоктар орнату жүргізіледі. Қазіргі таңда жолдың жиегі және жаяу жүргіншілер жолына жиектастар қойылып, арықтарға лотоктар салу секілді жұмыстар істелуде. Егер ауа райы қолайсыздық тудырмаса жылдың аяғына дейін көшеге асфальт төсеу жұмыстарын бітіру жоспарда бар, – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рустам Ефенов.
Кент көшесін абаттандыруға мердігер мекемелер тынымсыз жұмыс істеуде. Мәселен, көшенің аяқ су жолына лотоктар салуды «НҰРЖАН и К» ЖШС мекемесі қолға алып, бүгіндері жұмыстың біршамасын бітірген. Ал жаяу жүргіншілер жолы мен металды орындықты орнатуды «SKKB CONSTRUCTION» ЖШС мекемесі жүргізсе, көшеге асфальт төсеу жұмыстарын «Ақ тоған» ЖШС мекемесі жүргізетін болады.
Көптен бері Амангелді көшесіне жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына көше тұрғындары дән риза. Олар игілікті істі қолға алған аудан басшысына алғыстарын жеткізді.
– Көшеміз кенттің бетке ұстар көшелерінің бірі. Алайда жолдың нашарлығы көңілімізді құлазытатын. Әрбір өткен көліктің бөлшегін тоздырды десем артық айтқаным емес. Одан бөлек бұрын көшенің жиегінен үлкен арық өтіп, су жүретін. Кейін бәрі тоқтап, арықтар көміліп қалды. Дегенмен жолдың жайы назардан тыс қалмады. Қазір сол арықтар қайта қалпына келтіріліп жатқанына өте қуаныштымыз. Бұйырса келер жылы есік алдынан аяқ су жүретін болады. Көшемізге тас төселіп, жаяу жүргіншілер жолы салынбақ. Бұл дегеніміз – ауданның жаңашылдыққа аяқ басуы. Кентіміз өркендеп, қалған көшелер де осылай жөндеуден өтетініне сенеміз, – дейді Марал есімді көше тұрғыны.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
13 қараша 2022 ж. 354 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 270

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 368

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930