» » Кент көшелері жаңаруда

Кент көшелері жаңаруда

ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН АУДАНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ƏЛАУҚАТЫ ЖАҚСАРЫП, ТҮЙТКІЛДІ МƏСЕЛЕЛЕРДІҢ ТҮЙІНІ ТАРҚАЛУДА. НАҚТЫРАҚ АЙТСАҚ НАЗАРДА БОЛҒАН ЖОЛ МƏСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАУЫП, КЕНТ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕР АСФАЛЬТТАНЫП, ЕНДІ БІРІНЕ ТАС ТӨСЕЛУДЕ. БІРАЗ ЖЫЛ БҰРЫН КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ «ЖАЗДА ЖАҢБЫРДА, ҚЫСТА ҚАРДАН СОҢ КӨШЕДЕ ЖҮРУ МҮМКІН ЕМЕС» ДЕГЕН БАЗЫНАЛАРЫ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАДЫ. СЕБЕБІ ƏР ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН КЕНТТЕ 3-4 КӨШЕГЕ ТАС ЖОЛ ТӨСЕЛІП, ЖАҢАША КЕЙІПКЕ ЕНІП ЖАТҚАНЫ АЙТПАСА ДА БЕЛГІЛІ.
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде Жосалы кенті əкімі аппаратының тапсырысы бойынша жеңімпаз болып танылған мердігер мекеме «Қызылорда жолдары» ЖШС кенттегі 6 көшеге Абай, Қорқыт ата, Рүстембеков, Мырзағалиева, Құдабаев, Темір жол көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда Темір жол, Мырзағалиева жəне Құдабаев көшелерін асфальттау жұмыстары қарқынды жүргізіліп, толық аяқталды. – Былтырғы жылы қиыршық тас төселген көшелерге биыл асфальттау жұмысын жүргізудеміз. Абай мен Қорқыт ата көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде «Əбу-Жүсіп» компаниясы жеңімпаз атанып, қазіргі таңда құжаттары дайындалуда. Жақын арада олар да жұмыстарын бастайды. Жөндеу жұмысы кезінде көше жиегіндегі бордюрлар толығымен жаңартылатын болады. Алдағы уақытта тағы да жоспарлап жатқан көшелеріміз бар. Оларға бюджеттік өтінім беріп отырмыз. Өз кезегінде осы өтінімдер қолдауын тауып жатса 42 көшеге қиыршық тас төсеуді, 11 көшеге жаңадан асфальт салуды жоспарлаудамыз, – дейді кент əкімінің орынбасары Бақытбек Жылтыров. Ең бастысы көп жылдар бойы арман болған кент көшелерінің ажары кіріп, жаңартылып жатыр. Бұрын саз балшықты белден кешіп, көл болған көшелерді айналып өткен күндерден біржола алыстадық. – Біз дамыған, өз алдына мемлекет болып қалыптасқан, алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына ұмтылған елдің азаматтарымыз. Біздің тұрмыс тіршілігіміз, біліміміз, мəдениетіміз соған сай болуы керек деп ойлаймын. Сондықтан өркениет көшіне ілескен елдің бір бөлшегі ретінде ауданның дамып, көркіне көрік қосылуын қуана құптаймыз. Күні кеше ғана өзім тұратын Мырзағалиева көшесінде атқарылған жұмысты айтсам да жеткілікті. Аз уақытта көшеміз қалыпқа келіп, көліктің де, тұрғындардың да жүріп тұруына қолайлы жағдай жасалды. Қазір көшеміз түзу, сəнді көшелердің біріне айналып шыға келді. Осындай игі іс жасап жатқандарға айтар алғысым шексіз, – дейді кент тұрғыны С.Əжмағанбетова. Қазақта «Жол қадірін жүрген білер» деген жақсы сөз бар. Шынында да үнемі жол үстінде жүретін жолаушы мен жүргізушілердің пайымынша сапалы жол – жүргізушіні де, көлікті де шаршатпайды. Ең алдымен көлік құралының жағдайын жақсы, ұзақ жүруіне əсер ететін бірден-бір фактор осы – жол. Сондықтан жолдың үлкені не кішісі болсын жөндеу жұмыстары барынша сапалы болғаны дұрыс.

Ерсін СƏДУҰЛЫ
07 тамыз 2021 ж. 543 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 274

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930