» » Жаңарған жол, жанданған жұмыс

Жаңарған жол, жанданған жұмыс

Елдің өркендегенін білдіретін инф­ра­құрылымның бірі – жол. Аудан көшелеріндегі жолдарды ке­ңейтуге, жөндеуге көңіл бөлініп жат­қаны белгілі. Оны біз күнделікті көше бойындағы қызу тірліктен аңғарып жүрміз. Бұл жаңашылдық алдымен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, көлік жүргізушілеріне де ыңғайлы болып отыр.
«Жолдың жайын жүрген білер». Иә, осы кезге дейін сол жолдың ахуалын көріп те жүрміз. Қазір көп қаржыны қажет ететін осы саланың түйіні бірте-бірте тарқап келеді. Мәселен, Жосалының басты көшесі – Абай мен Қорқыт ата көшесінің асфальты сүреңсіз болған. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында көлік пен көпшілікке қиындық тудырған бұл мәселе оңынан шешіліп, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 350 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Солай аудан орталығының 6 көшесіне жөндеу жүргізіліп отыр. Жалпы бағдарламамен Қорқыт ата, Рүстембеков, Құдабаев, Мырзағалиева және Темір жол көшесі орташа жөндеуден өтіп, толығымен асфальттанған. Абай көшесінің бордюрі төселіп жатса, ендігі асфальт жабындысы жүрмек.
– Жалпы барлық мердігер мекемелерге екі ай уақыт беріліп, олар толығымен уақытында орындап келеді. Жоғарыда айтылған Абай көшесі де 16 қазанға дейін аяқталуы тиіс. Жол төсеу жұмыстарын күн жылы, жер қарада бітіруге қосымша тапсырма да берілді, қадағалаудамыз. Осы бағдарлама шеңберінде тендерге қатысқан мердігерлерден үнемделген қаржы бар. Шамамен 90 млн теңге болатын сома басқа көшелерді жөндеуге жұмсалады. Бұл үшін қосымша жұмыстар атқарылуда, – дейді Жосалы кенті әкімінің орынбасары Бақытбек Жылтыров.
Ал алдағы уақытта кент ішіндегі Медешов, Марал баба, Жаназаров, Қазантаев көшелері үнемделген қаржы есебінен қайта жаңғыртылмақ.
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
16 қазан 2021 ж. 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 408
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930