» » «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өткізілуде

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өткізілуде


Тәртіп пен заң бәріне ортақ. Әсіресе қоғамдық орындарда тазалық және тәртіп сақтау аса маңызды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 - 4 сәуір күндері аралығында аудан аумағында полиция қызметкерлері көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.
Жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында бөлімнің барлық жеке құрамы күшейтілген жұмыс түріне көшіріліп, аудан бойынша қоғамдық тәртіпті оның ішінде көшеде жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, көлік құралын мас күйде басқарудың жолын кесу мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторларымен әкімшілік аймақтарындағы профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексере отырып, әкімшілік учаскелерді аралап тексеру жұмыстары да жүргізіледі.
Қоғам тынышытығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға аудан халқы түсіністік таңытып, заңға бағынса құқық бұзушылықтар орын алмайтын болады.

Қармақшы ауданы полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

02 сәуір 2024 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031