» » «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде

Тәртіп пен заң бәріне ортақ. Әсіресе қоғамдық орындарда тазалық және тәртіп сақтау аса маңызды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 16-20 қазан күндері аралығында аудан аумағында полиция қызметкерлері көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.
Жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында бөлімнің барлық жеке құрамы күшейтілген жұмыс түріне көшіріліп, аудан бойынша қоғамдық тәртіпті оның ішінде көшеде жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, көлік құралын мас күйде басқарудың жолын кесу мақсатында жұмыстары атқарылады.
Сондай-ақ, бөлімнің учаскелік полиция инспекторларымен әкімшілік аймақтарындағы профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексере отырып, әкімшілік учаскелерді аралап тексеру жұмыстары да жүргізіледі.
Қоғам тынышытығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға аудан халқы түсіністік таңытып, заңға бағынса құқық бұзушылықтар орын алмайтын болады.

Қармақшы аудандық полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

18 қазан 2023 ж. 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 378
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 152

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930