» » Мәңгілік елдің жасампаз ұрпағын тәрбиелеу жолында ата-аналар мен ұстаздарға мың алғыс

Мәңгілік елдің жасампаз ұрпағын тәрбиелеу жолында ата-аналар мен ұстаздарға мың алғыс


Ата-ана мен ұстаздардың білім алушы баласына деген қолдаулары қашанда сенімділік пен жаңа жетістіктерге жол ашатыны сөзсіз.

Осы ретте бүгін білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиеваның қатысуымен кент орталығындағы №26 мектеп білім ордасында «Алғыс айту-асыл қасиет» тақырыбында ауданымызда білім алушылар арасында республикалық дәрежеде мәдени іс-шаралар мен спорт сайыстарында жетістікке жетіп, марапатқа ие болған білім алушы жастардың арнайы ата-аналарын шақыртылып, құрмет төріне шығарылды.

Салтанатты жиын барысында мектептің балауса балғындары ән мен биден шашу шашып, ата-аналарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ауданның бас ұстазы Г.Абдазиева алғы сөз алып, еліміздің ертеңгі көшбасшысын тәрбиелеуде өнегелі отбасын қалыптастырып балалардың талантты, өнерлі, еңбекқор, әрі заманауи білімді игерген тұлға болуына бар ерік жігерлерін қосқан ата-аналарға, ұстаздарға өзіндік ерекше алғысын жеткізді.

Шара соңында ата-аналар мен оқушылар бүгінгі кештен алған әсерлерін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

04 наурыз 2024 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30