» » Мамандандырылған мектептің маңыздылығы артуда

Мамандандырылған мектептің маңыздылығы артуда


qarmaqshy-tany.kz Білім күні қарсаңында аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева Жосалы кентінде орналасқан дарынды балаларға арналған №284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты жұмысымен танысты.
Бас ұстазы ондағы жаңадан білім алушы оқушылар мен ұстаздар қауымын 1қыркүйек –Білім күні мерекесімен құттықтап, мамандандырылған мектептің маңыздылығына тоқталып, бұл жұмыс барысы жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына бар жағдай жасау екендігін жеткізді. Сонымен қатар бұл мамандандырылған мектепте оқуға талап қылған биылғы оқушыларға қашанда білім биігінде болып, жарқын жетістіктер мен озат ойлы оқушы болуларына тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, салтанатты шарада Аудандық "АMANAT" партиясының атқарушы хатшысы Д.Буханов, білім саласының ардагері, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, ел анасы Дәмелі Қожахметқызы арнайы сөз сөйлеп, білім алушыларға сәттілік тіледі.
Салтанатты шара барысы мерекелік көңіл-күйге ұласып, дарынды балалардың ән-жырына ұласты. Арнайы шақыртылған қонақтар жаңа мектеп базасын аралап, арнайы мемлекет тарапынан білімді ұлт қалыптастырудағы балаларға жасалған бар мүмкіндіктермен танысты.
Айта кетейік, мамандандырылған мектеп биылғы жылға 7-8 сынып оқушыларына негізделіп, әзірге 40 оқушыға толығып отыр.

03 қыркүйек 2023 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930