» » Қызылордада олимпиада жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада олимпиада жеңімпаздары марапатталды




Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау шарасы өтті.
Салтанатты шараға облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Сакен Серікбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма мүшесі- академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева мен «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы басшысы Ляззат Бақтыбаева қатысып, үздіктерді марапаттады.
Бүгінгі жеңімпаздар – ертеңгі облыс үміттері. Сіздерге артылар жүктің жауапкершілігін сезініп, алға қарай қадам басуда аймақ сенімін ақтайды деп ойлаймын. Алдағы қорытынды кезеңге сәттілік тілей отыра, оқудағы бастамаларыңыз оңынан болып, алар асуларыңыз мол болсын!, – деді Ақзира Бақтыбайқызы.
Облыстық кезең жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 14 пән бойынша ұйымдастырылып, 389 оқушы білімдерін сынады. Үздік деп танылған 181 оқушы бүгінгі шарада облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Сонымен, 22 оқушы І орын – Алтын медаль иегерлері атанса, 50 оқушы ІІ орын – Күміс медальді иеленді, ал ІІІ орын – Қола медальді 89 оқушы иеленсе, 40 оқушыға арнайы алғыс хат табысталды. Сонымен қатар олимпиаданың Алтын медаль иегері атанған 11 сынып оқушыларына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 11 білім гранты ұсынылды.
Білім бәсекесіндегі үздік командалар марапатталып, арнайы номинация иегерлері де анықталды. Олардың қатарында І дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда – 2022» – №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты мен Қызылорда қаласы, ІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда – 2022» – №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты, ІІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда – 2022» – Еркін Әуелбеков атындағы №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп- интернаты мен Қармақшы ауданы лайық деп танылды.
Ал, «Ең үздік қала мектебі – 2022» номинациясын – Абай атындағы үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебі мен Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп – лицейі иеленсе, Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицейі «Ең үздік ауыл мектебі – 2022» атанды. Сондай-ақ, «Олимпиада жұлдызы – 2022» номинациясын №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Шахафиддин Нұрдаулет иеленсе, «Ең жас олимпиада қатысушысы» номинациясымен №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Мамадахунов Мансур марапатталды.
17 сәуір 2022 ж. 826 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 001

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031