» » Сенсің ұстаз, жарық нұры ғаламның...

Сенсің ұстаз, жарық нұры ғаламның...

ҰЛТТЫ ТӘРБИЕЛЕЙТІН ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫНА ҚАНДАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТСЕК ТЕ АРТЫҚ ЕМЕС. МҰҒАЛІМДЕРДІҢ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «ҰСТАЗ АТЫ – БИІК ӘРІ МӘҢГІЛІК» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ. ОҒАН АУДАН ӘКІМІ ҚАЙРАТ ЫРЗАҚҰЛҰЛЫ, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІЛЕРІ, МҰҒАЛІМДЕР МЕН ЖАС ПЕДАГОГТАР ҚАТЫСТЫ.
Мектеп оқушыларының жүрекжарды лебізімен, үш тілдегі құттықтаумен ашылған жиын, ерекше көңіл-күймен басталды. Ақжарма тілегін ақтарып, жыр шумақтарынан шашу шашқан шәкірттер қолдарындағы гүл шоқтарын аяулы ұстаздарға табыс етті. Бұл көңілге жылылық ұялатар керемет көрініс болды. Әрі қарай салтанатты жиын ұстаздарды құттықтауға келген аудан әкімі Қайрат Нұртайдың тілегімен жалғасты.
Айтулы мерекеде аудан басшысы еңбегімен елдің құрметіне бөленген педагогтарды құттықтап, ұстаздардың жұмысын жоғары бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, салтанатты рәсімде білім саласына елеулі үлес қосқан тәжірибелі ұстаздарға түрлі деңгейдегі марапаттарды табыстады.
Атап айтсақ, Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Г.Тұрымтаева Қызылорда облысы бойынша республикалық «Үздік педагог – 2021» төсбелгісімен, №277 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі А.Байтуреева «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, №108 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Д.Байрахтарова «Облыстың білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Мұнан бөлек, 2 педагогқа – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты, 2 педагогқа – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының» Құрмет грамотасы, 8 педагогқа – облыс әкімінің алғысы, 12 педагогқа – аудан әкімінің алғысы табыс етілді.
Әрі қарай, салтанатты рәсім арнайы концерттік бағдарламамен жалғасты. Аудан өнерпаздары ұстаздарға ән мен жырдан шашу шашып, көңілді көтерер күй де, әсем қимылдарға толы би де сыйлады. Бала жанының бағбандары үшін арнайы дайындалған бұл мерекелік тарту ерекше естеліктерімен есте қалары сөзсіз.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ,
Ерсін СӘДУҰЛЫ (сурет)
09 қазан 2021 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930