» » Қауіп төнгенде қайтесіз?

Қауіп төнгенде қайтесіз?

Түскі үзілістен жұмысқа қарай беттеп бара жатқан бойымыз. Өрт сөндіру көлігінің зорайған дауысынан жалт бұрылдық. Сөйтсек күрежол бойына бағыт алып барады. «Аманшылық болса екен» деп денеміз шымырлап, үрпиіп қалдық. Жедел-жәрдем мен өрт сөндіру көлігін көрсек бір суыт хабар келердей қорқа қараймыз ғой. Әлгі жағдайға жанымыздағы кісілердің бірі «оқу-жаттығу жұмысы болар» деп жеңіл-желпі қарай салды. Жақсы ойлағымыз-ақ келеді, бірақ су арқалаған көліктің жай кетпейтіні белгілі емес пе?!


Иә, апат айтып келмейді. Төтенше жағдай орын алған жағдайда көп адам абдырап, не істерін, қайда барарын, кімге қоңырау соғарын білмей дал болады екен. Мұны жақында аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлескен рейд барысында аңғардық. Төтеннен келетін апаттың бірі – тілсіз жау. Әсіресе, адам көп шоғырланатын кәсіпкерлік нысандарда қауіпсіздік ережелері сақтала бермейді.

Алыстан орағытпай-ақ өзіміздің ауданымыздағы жағдайды мысалға келтірейікші. Кейбір ғимараттарда өрт сөндіргіш құралдар тұратын арнайы бұрыш, дабыл беру қондырғысы тіптен жоқ. Тиісті сала мамандарының түсіндіруінің кемі жоқ. Бірақ қарапайым халық кейде мұны құлаққа да ілгісі келмейді. Оқыс оқиға орын алғанда барып «қайда қарап отырады екен» деп тілдей жөнеледі. Пендеміз ғой.

Қауіпке қарсы қызмет ететін бөлімнің жұмысында үзіліс жоқ. Өрт оқиғасы жазда күннің ыстығынан, қыстыгүні газ пештерінің әсерінен орын алып жатады. Мұнан бөлек адам көп шоғырланатын сауда үйлерінен де өрт шығуы ықтимал. Жақында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалында кәсіпкерлерге аталған мәселеге қатысты түсіндірме жұмысы жүргізілді. Оған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Өмірбек Сақтабаев пен осы бөлімнің инженері, азаматтық қорғау майоры Серікгүл Абжаевалар қажетті ақпараттармен бөлісті.

Қандай да бір қауіптілік төнген жағдайда арнайы қызмет орындарына хабар беріп, көмекке шақыру қажет. Ондайда 101 немесе 112-ге хабарласуларыңыз тиіс. Бұл Төтенше жағдайлар департаменті диспетчерлік қызметінің телефон номері. Бұған ұялы телефоннан SIM-картасыз да қоңырау шалуға болады. Бүгінде кәсіпкерлерді орынсыз тексере алмаймыз. Тек адам көп шоғырланатын сауда нысандарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық насихат жұмысын көрсетеміз, – дейді бөлім мамандары.


Материалдық зиян келтіретін және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бақылаусыз өрт. Тілсіз жаудың шамамен 80%-ы адам кінәсінен болады, яғни өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу немесе ақауы бар техниканы қолдану салдарынан орын  алып жатады. Сондықтан өртпен күресудің ең жақсы жолы – оның пайда болуының алдын алу.

Бір жағдай орын алса тіпті бұғаттауға қарамайтын 101, 112 нөміріне қоңырау шаламыз. Құдай сақтасын дейік. Бірақ өрттің алдын алуда, оны болдырмауда өрт сөндірушілердің еңбегін бағалаған жөн. Себебі осындай оқыс оқиға орын алғанда бірінші кезекте Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері көмекке келеді.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
28 ақпан 2024 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 379

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 458

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930