» » ТІЛСІЗ ЖАУ қапыда қалдырмасын

ТІЛСІЗ ЖАУ қапыда қалдырмасын

Осы тақырып төңірегінде бүгінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, ескертулер аз айтылып жүрген жоқ. Себебі төтеннен келетін апаттың бірден-бір салдары осы тілсіз жаудан болып отыр. Елдегі кез келген жаңалықты тыңдасаңыз әйтеуір тұрғын үй өртеніп, адам шығыны орын алды деген суыт хабар санаға жаттанды болып сіңді. Бұрындары бұл хабарға денеміз шымырласа, қазір құлақ үйренді. Не себепті? Өйткені әлі де тұрғындар тарапынан қауіпсіздік шаралары сақталмауда.
Жыл, он екі ай төтеншеліктердің тіршілігінде тыным жоқ. Өрттің алдын алу мақсатында табаннан тік тұрып жұмыс істеуде. Мезгіл таңдамайтын тілсіз жау қоғамға үлкен шығын әкеліп қана қоймай, зардабын да тигізуде. Оған сан мәрте куә болдық. Былтыр елімізде орын алған орман өрті де қаншама алқапты жалмап, жасыл желекті әп-сәтте күл етті. Оның да адам жүрегіне қалдырған өз жарасы бар. Міне, осының бәрі қауіпсіздік шарасы сақталмағаннан туындап отыр.
Алысқа бармай-ақ, аудан көлемінде де тілсіз жауға жол берілуде. Мәселен, жақында Төретам кентіндегі «Шарапат» сауда үйінде өрт оқиғасы тіркелді. Өрттің шығу себебі тоқ көзінің тұйықталуынан. Қазір қыс мезгілінде суықтан тоңғандар жылыту пештерін ретсіз пайдаланып, қауіпсіздік ережелерін сақтамауда. Одан бөлек өрт оқиғасы орын алғанда өздігінен жедел әрекет ету қимылынан да бейхабар.
Осы орайда аудандық төтенше жағдайлар, кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, сауда нысандарын араладық. Төтеншеліктер абайсызда өрт оқиғасы орын алған кезде не істеу керек, қандай талаптарды орындау қажет, осы турасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үн-парақ таратты. Мұнан бөлек сауда үйінде жұмыс істейтін қызметкерлерден өрт сөндіргіш құралын қалай пайдалану керегін сұрап, іс-қимылын тексерді.
Үгіт-насихат жүргізу барысында кәсіп иелерінен өрт болған кезінде қандай нөмірге қоңырау шалу керегін сұрап көрдік. Алайда бұл сұраққа тосылып, 101 нөмірін 102 немесе 104 пен шатастырғандар болды. Кез келген адам өрт оқиғасы орын алған кезде үрейге бой алдырмай 101 немесе 112 құтқару қызметіне хабарласу қажет. Бұл шақыру желісін әрбір тұрғын білу маңызды. Сонда ғана сіз өз өміріңіз бен жақындарыңызды тілсіз жаудан құтқара аласыз. Мұнан басқа өрт қауіпсіздік ережелерін ұдайы естен шығармаған жөн.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
26 ақпан 2024 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 283

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 378

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930