» » «Тілсіз жауға» тосқауыл қоямыз

«Тілсіз жауға» тосқауыл қоямыз


Біз неге немқұрайлы болып кеттік? Қай жағынан дейсіз бе? Онда айтайын. Қарапайым ғана іске бей-жаймыз дейін десек айтар сөзіміздің салмағы басым. Сол болмашы нәрседен опық жеп жатырмыз. Көп сөзбай нақтысынан бастайық. Соңғы уақытта тілсіз жаудың шырмауына ілігіп, орынсыз шығын зардабын тартудамыз. Әсіресе тұрғын-үй өртінің орын алуы ауданда күрт көбейіп кетті. Жыл басынан бері 101 нөміріне келіп түскен қоңыраулар саны былтырғыдан артып жығылған. Әрине жақсы көрсеткіш емес. Бұлай болуға не себеп?
Төтеншеліктер жылу маусымы басталғалы көше аралап, үй тұрғындарына пешті пайдалану барысында өрт қауіпсіздігінің алдын алу секілді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуден кенде емес. Оған мына біз де куәміз. Рейдтік іс-шараларда басы қасында жүріп, жұмыстарымен бөлістік. Түсіндірудің кемі жоқ. Алайда мезгілсіз уақытта тұрғын үйден өрттің шығуы бәсеңдемей тұр. Тексере келе пеш ошақтарының қараусыз қалуы немесе түтін шығатын алқымның тазартылмауы, пеш қабырғасының ережеге сай салынбауы сынды түрлі жайттар өрттің шығуына түрткі болуда. Оған басты себепкер өзіміздің өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауымыздан.
Мәселен былтырғы жылмен салыстырғанда биыл жыл басынан 8 өрт оқиғасы тіркеліпті. Оның 5-еуі әкімшілік іске тартылса, 3 өрт оқиғасы аудандық полиция бөліміне тергеуге жолданған. Барлығы да тұрғын үй өрті. Жеке тұрғын үйлерде өртті болдырмау мақсатында, өрт қауіпсіздігін сақтау оның тілсіз жау екені аз айтылып жүрген жоқ. Сонда да болса бұл жағдай жеке үйлерде көп орын алуда. Осы жерде әлгі сауалды қайта жолдауға тура келеді. Біз неге немқұрайлы болып кеттік? Аудандағы төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары бұл сұраққа былай деп жауап берді.
– Қазір қыс айы. Жеке үйлерде дұрыс күтім жасалмаған, сондай-ақ дұрыс салынбаған жылу пештері талай тұрғынды сан соқтырып жүр. Негізгі ереже бойынша пештің түтін жолдары 3 айда бір рет ыстан тазартылып тұру қажет. Пештің түтін жолдары үйдің негізгі құрылысынан дербес орналастырылады. Қазір өрттің шығу себебі көп жағдайда пеш қабырғаларының дұрыс салынбауынан және жоғары түтін шығатын жолдардың айналасы жанғыш заттармен жабылуынан болып отыр. От кейде саңылаудан да ұшқындап шығып, орны толмас қайғыға, материалдық шығынға әкеліп жатады. Сонымен қатар жылу пешінің алдындағы қаңылтырдың ережеге сай қойылмауы. Бізде қалай? Көбіне тұрғындар темір қаңылтырды ағаш еденнің бетіне орнатып қояды. Ол дұрыс емес. Пештен шоқ түскен жағдайда қаңылтыр қызып, астындағы ағаштың бықсып жануына әкеп соғады. Ережесінде қаңылтырдың көлемі 50х70 сантиметр және ол құймалы еденнің үстіне орнатылу қажет. Ал уақытша қолдан жасалған темір пеш орнатқан жағдайда оның аяқтарының биіктігі 0,2 метрден кем болмауы тиіс. Онда да еденнің бетіне бірқатар кесек өріліп, батпақпен сыланғаннан кейін темір пеш орнатылады. Айналасында ағаш жиһаздар болған жағдайда 1 метр қашықтықта болуы керек, – дейді аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Данияр Байрахметов.
Өрт оқиғалары жалғыз жеке тұрғын үйлерде ғана емес сонымен қатар кәсіпкерлік нысандар да орын алып жатады. Төтеншеліктердің мәліметіне сүйенсек былтыр өрт оқиғасы 4 сауда дүкенінде және 1 мектеп ғимаратында болып, қауіпсіздік ережесі бұзылған. Олардың айтуынша «көбіне кәсіпкерлердің босаңсуынан осындай өрт оқиғалары жиі орын алуда» дейді. Қазір елімізде кәсіпкерлікке оңтайлы жағдайлар жасау бағытында тексерісті азайтып, кәсіпкерлік саласының қарқын алуына жағдай жасалғаны белгілі. Яғни жыл сайынғы тексерістер тек қауіп-қатері жоғары объектілерге ғана жүргізіліп, кішігірм сауда дүкендері мен қоғамдық тамақтану орындарына жыл сайынғы тексерістер мүлдем жүргізілмейтіндігі айтылған-ды. Маңызы аз объектілер жылына 3-4 рет тексеріледі немесе мораторий бойынша мүлдем тексеріс болмауы мүмкін. Осындай кедергілердің кесірінен өрт қауіпсіздігінің алдын алуы қиынға соғуда.
Иә, «Өрт тілсіз жау» деп бекер айтылмаған. Аяқ астынан шыққан өрт зардабы, орны толмас өкінішке душар етері сөзсіз. Бұл айтып келмес апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауы керек.


Ерсін СӘДУҰЛЫ
13 ақпан 2021 ж. 673 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031