» » Тұрғын үйді өрттен сақтайық!

Тұрғын үйді өрттен сақтайық!

Өрттің қоғамға қаншалықты залал зардап әкелетіні баршамызға белгілі. Тілсіз жау ешқашан айтып келмейді, сондықтан одан әрқашанда сақтанып алдын алу жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Жылдың әр мезгілінде, түрлі өрт оқиғаларына әкеліп соғады. Сол үшін, кез келген уақытта сақтық шараларын қолға алып отыру керек.
Мәселен айтар болсақ, қора-қопсыны тазалау кезінде от жағып қадағалаусыз қалдыру салдарынан көптеген үйдің мал қорасы өртеніп кету жылда кездесетін жағдай. Сондықтан тұрғын үй ауласында тазалық жұмыстарын жүргізу барысында отқа абай болу керек.
Тұрғын үйде электр жүйелерін дұрыс жүргізбеуден өрт шығады және бір айта кететін жайт балалардың отпен ойнауынан да өрт оқиғалары кездесіп жатады. Қазіргі уақытта Қармақшы ауданы көлемінде 10 пайыздан астам өрт оқиғасы балалардың оттықты қолдануынан яғни, сіріңке жағып ойнауынан болып отыр. Бұндай өрт оқиғалары өте қауіпті. Ол баланың қатты жарақат алуына, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Өрттің шығуы тек сіріңкемен ойнаудан ғана емес, үйде ата-ананың жоқ кезінде ток көзіне әр түрлі электр қондырғыларын (телевизор, үтік, тоқ пештерін және т.б.) қосып қараусыз қалдыру салдарынан, газ плитаға және жылу пештеріне рұқсатсыз от жағудан шығады.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамай өрттің туындауына себепкер болған тұлғаларға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары бойынша әкімшілік айыппұлдар салынады.
Құрметті тұрғын үй иелері, бұл айтылып отырған ескертпелер, мысалдар сіздердің жанұяларыңыз, сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін. Өзге үшін емес өздеріңіз үшін өз тұрғын үйіңізде өрт оқиғасын болдырмауға тырысыңыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің барлық талаптарын қатаң сақтаңыздар.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефонына
хабар беруді естен шығармаңыздар!

Қармақшы ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімі
09 шілде 2020 ж. 1 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930