» » Наурыз айында тұрғын үйде 5 өрт оқиғасы тіркелген

Наурыз айында тұрғын үйде 5 өрт оқиғасы тіркелген


ЖОСАЛЫ, 26 наурыз – qarmaqshy-tany.kz
Ағымдағы жылдың наурыз айында тұрғын үйде 5 өрт оқиғасы тіркелді. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігін қатаң сақтайық! Тұрғын үйлердегі және пәтерлердегі өрт оқиғалары көбінесе қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтамаудан болып жатады. Сұрапыл апатты кұбылыс жылдар бойы жиылған мүліктерді аяусыз жойып, адамдарға қайғы-қасірет әкеледі. Көбінесе оттың құрбаны болып өртке себепші өздері, олардың көршілері, балалары болып жатады. Статистика бойынша тұрғын үй мен пәтерлерде өрттің шығуына негізгі себептер: тұрмыстық электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде, пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, мас күйінде темекі тарту салдарынан, сонымен қатар электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен болып отыр.
Егер Сіздің үйіңізде немесе пәтеріңізде электр өткізгіш сымдарына және электр аспаптарына зақым келсе тез арада электр маманын шақырыңыз. ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ: Өртті болдырмау үшін Сізге мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн: -- Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз,сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз; -- Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз; -- Электресептегіштердегі электрсақтандырғыштар зауыттан дайындалған болуы тиіс; -- Үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз; -- Газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз; Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз; -- Бөлмені жылытуға бейберекет қолдан жасалған электр-жылытқыш құралдарын қолданбаныз; -- Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз; -- Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы
101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз. Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау-Сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайды.
26 наурыз 2020 ж. 71 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9879)

03 сәуір 2020 ж.

№24 (9878)

30 наурыз 2020 ж.

№23 (9877)

26 наурыз 2020 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930