» » Төтенше жағдай бөлімі 10 айға есеп берді

Төтенше жағдай бөлімі 10 айға есеп берді


Жылу беру маусымы басталғалы тұрғын үйлерде тұрмыстық өрт орын алуда. Оның себебі жылыту құралдарын және пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзу салдарынан туындауда. Осыған дейін өртті болдырмау, өрт қауіпсіздігін сақтау, өрт тілсіз жау екені жөнінде аз айтылып жүрген жоқ. Осыған орай, өткен аптада аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде «Өрт қауіпсіздігі айлығы» тақырыбында баспасөз брифингі өтті. Оған бөлім бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Өмірбек Сақтабаев қатысып, 10 айдағы атқарылған жұмыстарға есеп берді.
Жыл басынан бері аудан көлемінде жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кезінде профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, үнпарақтар тара­тылған. Мақсат – тұрғын үйлерде орын алатын өрттің алдын алып, қауіп-қатер мен адамдардың көмірқышқыл газынан улану секілді төтенше жағдайлардың санын азайту. Үй аралау барысында қыз­меткерлер тұрғындармен тікелей қарым-қатынас орнатып, жылыту пештерінің жағдайын қарап, түсіндірме жұмысын жүргізген. Бұл туралы бөлім бастығы брифингте мәлім етті.
– Биыл, өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары жөнінде бірқатар жұмыс жүргізілді. Рейд ұйымдастырылып, тұрғын үй, нысандар араланды. Алайда әлі де болса өрт қауіпсіздігін сақтамау, тұрғын үйлерде өрт оқиғаларының орын алуы азаймауда. Мәселен былтырғыға қарағанда биыл тұрғын үйдегі өрттер 21 процентке артса, автокөліктегі өрт оқиғасы 30 процентке азайған. Ал әдейі өртеу, өздігінен жану, газдың ақауынан улану, баланың отпен ойнауы, темекінің тұқылынан тұтану, электр жабдықтары мен қондырғыларынан өрттің туындауы секілді оқиғалар орын алып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда шығын – 43 процентке көбейген. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған азаматтарға әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынады, – деді ол брифингте.
Былтырғы жылмен салыстырғанда өрт бойынша әкімшілік шаралар 36 процентке көбейген. Иә, бұл деректі аз деуге негізсіз. Алдағы уақытта төтенше жағдайлар бөлімі мамандары мен жергілікті атқарушы орган және учаскелік полиция қызметкерлерінен жұмылдырылған топ профилактикалық жұмыстарды әрі қарай да жалғастыра бермек.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
10 қараша 2020 ж. 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031