» » Тілсіз жаудан сақтанайық!

Тілсіз жаудан сақтанайық!

ЖОСАЛЫ, 11 маусым – qarmaqshy-tany.k Халқымыздың өртті тілсіз жау деп айтуы негізсіз емес. Себебі, өрт күтпеген жерден басталып, көптеген жылдар бойғы маңдай термен жиған дүние-мүлкіңді лезде аяусыз жалмап әп-сәтте жоқ қылады, деп жазады Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.


Осындай тілсіз жаудан сақтанудың ең қарапайым жолы оның алдын алу және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Аудандағы "Қармақшы таңы" газетіне өрттердің және түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында әр апта сайын мақалалар беріліп, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан көлемінде өрттердің алдын алу мақсатында түрлі шаралар атқарып келеді. Жоғарыда көрсетілген өрт қаупінің алды алу жөніндегі шараларға қарамастан аудан көлемінде өрт оқиғалары әлі де азаймай келеді. Себебі немқұрайлылық, мән бермеушілік, жауапсыздық жоқ жерде өрттердің болуы қалыпты жағдай.

Жазғы күннің ысып, өрт қаупі күшеюіне байланысты аудан бойынша далалық өрттердің болу қаупі де ұлғаяды. Әрбір жекелеген азаматтар, түрлі меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен шаруашылық құрылымдарының басшылары, өртке байланысты ойлы көзқараспен қарап, түрлі бағыттағы жолмен жүру кезінде шеккен шылымдарын көлік терезесінен лақтыра салмай дұрыстап сөндіріп жүрсе, техникаларын жөндеуден өткізгеннен соң уақытылы қарап тұрса, көптеген өрт оқиғаларының алдын алуға болар еді.

Өрт қаупі күшейетін жаз мезгілінде, жолды жөндеумен күтуге тиісті жауапты мекемелер, кәсіпорындар жол жиегіне өскен құрғақ шөптерді қырқып тастап отыруы тиіс. Себебі бұл шара да өрт қауіпсіздігін сақтаудың бірден-бір кепілі. Кей жағдайда бола қалған өрттер кезінде жолдың арғы жағынан басталған өрт орылмаған қаулаған шөптерге тиіп екінші бетіне ұласып жатады.

Болып жатқан далалық өрттерді сөндіру тек қана өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері мен аудандық, ауылдық округ әкімшілігіне ғана қажет деу өте қате пікір. Қазіргі уақытта аудан көлеміндегі жерлердің көпшілігі әркімнің жеке-меншігі болып табылады. Әрбір шаруашылық құрылым басшыларымен жекелеген адамдар өздерінің жеке мүліктерін және жерлерін өрттен қорғауға тікелей міндетті екендіктерін естен шығармағандары жөн.


11 маусым 2020 ж. 784 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 286

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 381

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930