» » 1 ақпан - дүниежүзілік сайлау күні

1 ақпан - дүниежүзілік сайлау күні

Сайлау – мемлекеттің орнықты саясаты. Әрбір мемлекет саяси шешімдерді қабылдауда қоғаммен пікірлесу және азаматтардың таңдау құқығына сүйенеді.
Бүгінгі күні сайлау институтының болуы демократиялық мемлекеттің жұмыс істеуінің дәлелі. Сайлау институтының даму деңгейі жалпы қоғаммен мемлекеттің демократиялану деңгейін көрсетеді.
Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының (АСЕЕЕО) бастамасы бойынша бұдан 2005 жылы 14-17 қыркүйекте өткен сайлау ұйымдастырушыларының Бас конференциясы шеңберінде Дүниежүзілік сайлау күні белгіленген. Бұл сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітілген және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі.
Қауымдастықтың толыққанды мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасында жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде «Дүниежүзілік сайлау күні» мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдырған.
Бұл күннің мақсаты – еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы қоғамды ақпараттандыру, сайлаушылардың электрондық белсенділігін арттыру және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымды қалыптастыру.
1995 жылғы 30 тамызда өткізілген бүкіл халықтық референдум нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерді жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ол Парламенттік заң шығару қызметін жүзеге асыратын, қос Палатадан: Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жоғары өкілді орган ретінде айқындады.
Ел Президенті Конституция қабылданғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық күші бар жарлыққа қол қойып, депутаттар сайлауы өткізілді. Парламенттің қос палаталы құрылымы саяси жағынан толысқан, еліміздің саяси болмысындағы жаңа элементке айналды және әлемдік практикада қабылданған парламентаризмнің қағидаларына сай болуы.
Қанатқақты жоба ретінде қолға алынған әкімдердің сайлауы елдегі саяси реформаның қадам-қадаммен жүзеге асырыла бастағанын көрсетеді. Бұрын әкімдер тағайындалып келсе, 2013 жылдан бастап жергілікті маслихат депутаттарының дауыс беруі арқылы жанама сайлаумен сайланды. Әкімдер сайлау жүйесі одан да демократияланып ашық сайлаудың алғашқысы ауыл әкімдерінің сайлауы болды. Ол 2021 жылдың 25 шілдесіндегі сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес өтуде. Ал ол 2023 жылдан бастап аудан әкімінің аймақтағы барлық сайлаушылардың тікелей сайлауы арқылы жалғасын тапты. Аталған сайлаулар еліміздегі сайлау жүйесінің дамуына өз ықпалын тигізіп, азаматтық қоғамның нығаюына жол ашты.
2024 жылы ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы жалғасады. Биыл Қармақшы, Жосалы, Иіркөл, Ақжар, ІІІ Интернационал, Қуандария және Т.Көмекбаев ауылдық округ әкімдері сайланады.
2022-2023 жылдардағы сайлауларда еліміз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының талаптарына сай келетін сайлауды реттеудің жаңа жүйесін жүзеге асыру арқылы Қазақстандағы саяси бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сайлау кезіндегі партиялық тізімдерді жасақтау және парламенттік мандаттарды бөлу кезінде әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арнайы квота енгізілді.
Сайлауларды ұйымдастыруда, өткізуде жауапкершілік жүгі түрлі деңгейдегі сайлау комиссияларына түсетіні ескеріліп оларға мемлекеттік қызметкерлермен тең дәрежедегі құқық берілген. Сонымен қатар аумақтық сайлау комиссияларының кәсіби болуына байланысты жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары, хатшысы өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы тарапынан аумақтық, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегін мемлекеттік тұрғыда атқарған қызметтерін бағалауда тұрақты түрде назар аударылып келеді.
2023 жылы «Сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі тағайындалды. Сайлау органының ең жоғарғы марапатымен 2023 жылы 4 желтоқсанда Республика бойынша алғашқы марапаттау шаралары жасалды. Облыс бойынша төрт адам аталған медаль иегері болды. Оның ішінде біздің аудандық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы Ә.Құлдүйсеновтің марапат алуы елеулі еңбегінің ескерілгені деп білеміз.
Биыл жыл басынан бері сайлау комиссияларының құрамы қайта жасақталып жұмыс жасауда. Аудандық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күні мерекесін атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспарын жасап, тиісті жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте маңызды кездесулер мен түрлі басқосулар атаулы күннің маңызына салмақ берері сөзсіз.
Д.ЕРЖАНОВ,
аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
01 ақпан 2024 ж. 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (10304)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031