» » Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтті

Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтті


Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасы бойынша жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі.

Сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласының мамандары Дүниежүзілік сайлау күнін белгілей отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мен тұрғындардың сайлауға белсенді қатысуын көздеді.

Дүниежүзілік сайлау күнін белгілеу арқылы қоғам санасында демократияландыру процесін жүйелеу, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы халықты хабардар ету және сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру болып табылады.

Еліміздегі өткен сайлау процестері аудан тұрғындарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайлану құқығын іске асыруға бағытталған.

Өздеріңізге белгілі, үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында елімізде Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Бұл саяси науқанға да аудан тұрғындары белсенділікпен қатысып, саяси ұстанымдарын таңдады.

Бүгін Жосалы кентіндегі «Жыраулар үйінде» саяси науқанға үлес қосқан белсенділер марапатталды.

Жиында сөз алған аудан әкімі Мұса Қалдарбеков «Баршаңызға азаматтық белсенділіктеріңізді танытып, ауданымыздағы сайлау науқаны кезеңінде ерекше үлес қосқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да тәжірибелеріңізді ел игілігіне жұмсап, қызметтеріңізді адал атқара беретіндеріңізге сенімдемін. Еліміздің кемел келешегін нығайтудағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін!»,- деді аудан басшысы.

Жиын соңында сайлау науқаны кезінде ұйымдастыру жұмыстарында ерекше үлес қосқан азаматтарға облыс әкімінің және аудан әкімінің «Алғыс хаттары» табысталды.

Сонымен бірге шарада аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ә. Құлдүйсенов сөз алып, бірқатар азаматтарды ҚР Орталық сайлау комиссиясының алғыс хатымен марапаттады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

05 ақпан 2021 ж. 1 076 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031