Сайлауды ұйымдастыру туралы оқыту семинары өтті

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қ.Наурызбаев «Сайлау институты демократиялық мемлекеттік жұмыс істеу негізі ретінде. Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: қазіргі жағдайы және даму үрдістері» тақырыбында хабарлама жасап, қазіргі сайлау жүйесі мен оның демократиялық үрдістеріне, еліміздегі сайлау процесінің құқықтық негіздеріне терең талдама жасады.

«Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері» тақырыбында жасаған облыстық мәслихат төрағасы Ғ. Баймырзаевтың хабарламасынан кейін семинарға қатысушыдар өздерінің сұрақтарына жауап алып, сайлауды ұйымдастыру мен өткізу кезінде кездесіп жататын түрлі жағдайларды заң тұрғысында реттеудің сырларына қанықты.
Сондай-ақ аудан прокуроры М. Махамбетжанов «Сайлау процесі субъектілерінің құқықтық жауапкершілігі және оның түрлері» тақырыбында хабарлама жасады.
Семинардың екінші бөлімінде Мемлекеттік басқару академиясы өңірлік орталығының қызметкерлері семинарға қатысушыларға «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау күні» тақырыбында рөлдік ойын ойнатып, сайлауды өткізу күніндегі комиссия мүшелерінің уақытқа сәйкес жасалатын әр бір іс әрекеттеріне жеке-жеке көріністер көрсетіп, оған белгіленген сарапшылар талдамалар жасады.
Қатысушылар семинар соңында тақырыптық тест тапсырып, арнайы сертификаттарға ие болды.