» » Төретамда семинар-кеңес өтті

Төретамда семинар-кеңес өтті

ЖОСАЛЫ, 26 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz   Төретам кентіндегі №185 мектеп ғимаратында Байқоңыр қаласы мен Төретам, Ақай елді мекендеріндегі сайлау учаскелерінің төрағалары, төрағаның орынбасарлары және хатшыларының қатысуымен «Сайлау процесінің және сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырудың әдістемелік негіздері мен учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің қызметін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңестің жұмысын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Құлдүйсенов ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Құлдүйсенов, төрағаның орынбасары М.Бекенов, хатшысы Ш.Құндақбаевтар белгіленген тақырыптар бойынша хабарлама жасады.
Семинарда аумақтық сайлау комисияларының электорат аралық және электораттық кезеңдегі жұмысын ұйымдастыру, дауыс беру тәртібі, сенімді өкілдер мен байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жұмыс, сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттігі және құқықтық мәртебесі, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу, учаскелік сайлау комиссияларында іс жүргізу мен құжат айналымын ұйымдастыру сияқты тақырыпта жан-жақты әңгіме қозғалды.
Хабарламашыларға сайлау өткізудің тәртібі бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптары берілді, сайлау комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері мен құқықтары, сайлауды әзірлеу мен өткізу кезіндегі іс жүргізу, құжат айналымдары жөнінде пікір алысылды.
Бұдан кейін АСК төрағасы Ә.Құлдүйсенов «Учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін сайлау науқандарын өткізу кезінде нақты жағдайларды модельдейтін жағдаяттық тестілік тапсырмаларды талдайтын оқу-әдістемелік құрал дайындау жөніндегі» жұмыс тобы ұсынған КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫН ледэкраннан көрсете отырып, сайлау күні кездесетін түрлі жағдайлар бойынша учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері нені білу керек және заңдылықтарға сүйене отырып жағдайды қалай реттеу керек деген мәселеде жан-жақты түсініктемелер берді.
Сонымен бірге семинарда қатысушылардың игерген білім дағдылары деңгейін анықтау мақсатында тест сұрақтары таратылып, жинақталды. Тест парақшалары жинап алынған соң олардың әрқайсысына тест сұрақтары мен жауаптары беріліп, өз деңгейін өздері тексеруіне мүмкіндік жасалды.
Соңынан барлық учаскелердің төрағаларына Кейстер жинағы таратылды.
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары М.Демесинов, бас маманы Э.Қазиевалар қатысты.

Ш.Құндақбаев,
Аудандық сайлау комиссиясының хатшысы


26 қаңтар 2020 ж. 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031