» » Оқыту семинары болып өтті

Оқыту семинары болып өтті



Жуырда ауданда облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудандағы барлық сайлау учаскелерінің төрағалары, төрағаның орынбасарлары, хатшылары қатысқан оқыту семинары болып өтті. Семинарда облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қ.Наурызбаев «Сайлау институты демократиялық мемлекеттік жұмыс істеу негізі ретінде. Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: қазіргі жағдайы және даму үрдістері» тақырыбында хабарлама жасап, сайлау өткізудің демократиялық принциптеріне, еліміздегі сайлау процесінің құқықтық негіздері, оның қазіргі жағдайы мен даму ерекшеліктеріне терең тоқталып өтті.
«Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері» тақырыбында жасаған облыстық мәслихат төрағасы Ғ.Баймырзаевтың хабарламасынан кейін семинарға қатысушыдар өздерінің сұрақтарына жауап алып, сайлауды ұйымдастыру мен өткізу кезінде кездесіп жататын түрлі жағдайларды заң тұрғысында реттеудің сырларына қанықты.
Сондай-ақ аудан прокуроры М.Махамбетжанов «Сайлау процесі субъектілерінің құқықтық жауапкершілігі және оның түрлері» тақырыбында хабарлама жасады.
Семинардың екінші бөлімінде Мамлекеттік басқару академиясы өңірлік орталығының қызметкерлері семинарға қатысушыларға «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау күні» тақырыбында рөлдік ойын ойнатып, сайлауды өткізу күніндегі комиссия мүшелерінің уақытқа сәйкес жасалатын әрбір іс әрекеттеріне жеке-жеке көріністер көрсетіп, оған белгіленген сарапшылар талдамалар жасады.
Қатысушылар семинар соңында тақырыптық тест тапсырып, арнайы сертификаттарға ие болды.
Г.ДҮЗЕНОВА
16 қараша 2020 ж. 776 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 383

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 462

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930