» » Сайлауды ұйымдастыру туралы оқыту семинары өтті

Сайлауды ұйымдастыру туралы оқыту семинары өтті

Өткен аптада Төретам кентіндегі №85 мектеп және Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицей базасында облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудандығы барлық сайлау учаскелерінің төрағалары, төрағаның орынбасарлары, хатшылары қатысқан оқу болып өтті.
Семинар түрінде өткізілген бұл шара сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің барлық процесінен хабардар етті. Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қ.Наурызбаев «Сайлау институты демократиялық мемлекеттік жұмыс істеу негізі ретінде. Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: қазіргі жағдайы және даму үрдістері» тақырыбында хабарлама жасап, қазіргі сайлау жүйесі мен оның демократиялық үрдістеріне, еліміздегі сайлау процесінің құқықтық негіздеріне терең талдама жасады.Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ә.Ерсұлтанов «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» мәселелері бойынша жан-жақты түсінік берді.
«Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері» тақырыбында жасаған облыстық мәслихат төрағасы Ғ.Баймырзаевтың хабарламасынан кейін семинарға қатысушыдар өздерінің сұрақтарына жауап алып, сайлауды ұйымдастыру мен өткізу кезінде кездесіп жататын түрлі жағдайларды заң тұрғысында реттеудің сырларына қанықты.
Сондай-ақ аудан прокуроры М. Махамбетжанов «Сайлау процесі субъектілерінің құқықтық жауапкершілігі және оның түрлері» тақырыбында хабарлама жасады.
Семинардың екінші бөлімінде Мемлекеттік басқару академиясы өңірлік орталығының қызметкерлері семинарға қатысушыларға «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау күні» тақырыбында рөлдік ойын ойнатып, сайлауды өткізу күніндегі комиссия мүшелерінің уақытқа сәйкес жасалатын әр бір іс әрекеттеріне жеке-жеке көріністер көрсетіп, оған белгіленген сарапшылар талдамалар жасады.
Қатысушылар семинар соңында тақырыптық тест тапсырып, арнайы сертификаттарға ие болды.
19 қараша 2020 ж. 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930