» » Қар жамылған Қармақшы

Қар жамылған Қармақшы

Бүгін әдеттегіден ерте ояндым. Дала да жап-жарық. Ақ ұлпа қарды көріп көңіл-күйім көтеріліп кетті. Қара суыққа әбден етіміздің үйренгенінен бе екен қар жауса «балаша» қуанатынымыз бар. Ұйқыдан әлі тұра алмай жатқан балаларға да «бүгін шанамен ойнайсыңдар, күшті қар жауыпты» деп оларды қуантпақ болдым. Ананың қас-қабағы балаларға да әсер етеді ғой. Осылай мәре-сәре болып, балалардың бірін – балабақшаға, екіншісін мектепке апарып тастадық. Сондағы көрген мына бір жағдай сүйсінтті. Балабақша, мекеме, көше барлығында дерлік тазалықшылар қар күреп халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Біз көбіне елей бермейтін еңбек қой бұл.

Әрине, қоршаған ортаның тазалығы бәрінен маңызды. Күнделікті көңіл-күйіңнің қандай болуына да осы жағдайлар әсер етеді. Жаздың аптап ыстығында жасыл-желекті көрсеңіз жаныңыз жай тауып, тынысыңыз кеңіп қалатыны рас. Ал қоңыр күз көңілді құлазытса, қыс айы қыспаққа алғанда мұндай әсерден тек тазалық қана құтқара алады. Міне, таңертеңгі көрініс осылай еңсемді көтеріп тастады.

Айналасын тап-тұйнақтай етіп жүретін мекеме қызметкерлеріне осындайда бас игің келеді. Расымен айнадай жарқырап жатқан аулаға әуесіңіз кетеді. Ең жақсысы, сондай үйде, сондай аулада өскен балалар да тәртіпті болып келеді. Ал баланың тәртіпті болуы тұтас қоғамға әсер етеді емес пе?!

Ақнұр САҒЫНТАЙ 
25 қаңтар 2024 ж. 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031