» » ТӨЛ ГАЗЕТТІ тұрақты оқимын

ТӨЛ ГАЗЕТТІ тұрақты оқимын

qarmaqshy-tany.kz Тарихқа үңілсек, газеттің халқымыз үшін қандай қызмет атқарғандығы мәлім. Аудан тұрғындары да ғасырға жуық ғұмыр баспасөзбен бірге жасасып келеді. Қазақ тіліндегі газеттер, оның ішінде «Қармақшы таңы» газеті аудан тұрғындары үшін қоғамның, өмірдің көшбасшысы болуда. Сондықтан да болар, тұрғындар туыпөскен өлкеміздің, республикамыздың мәдени әлеуметтік, рухани өмірі, халықтың өткені, бүгінгі тіршілігі, болашаққа ұмтылысы көрініп тұратын аудандық газеттен қол үзген емес.
Жылдың басы болғандықтан күн сайын «Газетке жазылуға үлгеремін бе?», «Мен газетсіз отыра алмаймын» деген тұрақты оқырмандарымыз редакция есігін қағады. Республикамызда қанша газет-журнал шығып жатса да, Қармақшы өңірі үшін «Қармақшы таңының» орны өз алдына бір төбе екені белгілі. Аудан айнасын асыға күтетін жанның бірі – Айдәме Қыпшақбаева. Ол кәсіптік-техникалық училищеде (қазіргі аргарлы-техникалық колледж) тәрбие жұмысын қадағалап, еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады. Қазір немере бағып, шөбере сүйіп отырған ардақты жан.
– Мен «Қармақшы таңы», «Ардагер айнасы», «Сыр бойы» газеттерін сүйіп оқимын. Ал ауданның төл газетімен «Коммунизм шамшырағы» кезінен таныспыз. Жалпы газеттен жер-жердегі жаңалықпен қоса, тың мәліметтер аламыз. Жыл сайын міндетті түрде жазыламын. Бұрынғы «Коммунизм шамшырағы», қазіргі «Қармақшы таңы» газетінде жұртшылықтың көңілінен шығатын талапты да талантты тілшілер баршылық. Оларды бөле-жарғым келмейді. Баршасына көрінбейтін жұмысы көп істі абыроймен алып жүргені үшін айтар алғысым мол. Бір уақыттарда менің қызым да осы редакцияда қызмет етті. Сондықтан бұл мекеменің арқалаған жүгі ауыр екенін жақсы білемін. Жауапкершілігі де жоғары. Жалпы, «Қармақшы таңы» газетінің аудан халқына берері көп. Бұл басылым арқылы облыс, тіпті, республикамыздағы қаншама ғалым, қоғам қайраткері, ақын-жазушы, еңбек адамдары, әдебиетші, тарихшы, мұғалімдер, ұйым, мекеме, өнеркәсіп қызметкерлерімен қауышып, қоғамдық өмірдің әр саласына байланысты ой-пікірлерге ортақ боламыз. Сонымен қатар бұл газеттің Сыр өңірінен шыққан талай ақынжазушыға ыстық ұя болғанын, әдебиетке деген ықыласын арттырғанын атап өткім келеді, – дейді ол.

Қазір немере бағып, қызық пен шыжықтың ортасында отырса да газет оқудан қол үзбеген апамыз, немерелеріне, қазіргі жастарға да мерзімді басылым оқуды үлгі ететінін айтады. – Мен газеттің тұрақты оқырманымын. Газеттің әр нөмірін асыға күтемін. Үйге бір себептермен келмей қалса, іздеймін. Қармақшы өңірінің жаңалықтарын, ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігін оқып, біліп отырамын. Газет әртүрлі мәселелерді көтеруде. Адамның ойөрісін, танымын кеңейтуге түрлі тақырыптағы танымдық мақалалардың көп көмегі бар. Қазіргі дизайн да, ондағы жазылып жүрген мақалалар да ұнайды, – дейді зейнеткер ана.
Жаңа маусым басталғанда «Біздің үйге газет келмей жатыр» деген тұрғындардың қатары артады. Оған қуанбасақ, ренжімейміз. Мәселесін тезірек шешіп беріп, бір марқайып қаламыз. Себебі үйіне газеттің келуіне бей-жай қарамай бізді іздеп отыратын ойлы оқырманның барлығы қуантады. Жасап жатқан ісіңнің өзгеге пайдалы болғанынан артық қандай бақыт керек? Бізге шабыт беретін де осындай ойы озық оқырмандар. Ал сіз газетке жазылып үлгердіңіз бе?
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
15 қаңтар 2024 ж. 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 398

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 475

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930