» » Бағдары бір елдің бақыты баянды

Бағдары бір елдің бақыты баянды

qarmaqshy-tany.kz Өткен аптаның жұма күні аудан және ауыл әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулері таңертең Иіркөл ауылында жалғасын тапты. Онда тұрғындар ауылдық округ әкімі Жағыпар Төлегеновтің осы жылдың 11 айында атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.

Бүгінде ауылдық округте 13 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Қожалықтар күріш өндірумен қатар, бақша, көкөніс және мал өсірумен айналысады. Биыл тұрғындар үшін 42 гектар жер дайындалып, 94 отбасы өнімдерін еккен. 1 шілдедегі мал басына жүргізілген есепте мал саны жеке және шаруа қожалықтарында мүйізді ірі қара 1550, уақ мал 3861, жылқы 638 бас және 514 құс тіркеуге алынған. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында 38 азамат тіркелсе, осы жылы «Ұлттық жоба» арқылы 4 азамат қайтарымсыз грант иегері атанған. «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Іскер» бағдарламасымен 1 азамат қой өсіруге, 1 азамат жылқы басын көбейтуге (жастарға жеңілдетілген 2,5 пайызбен) несие алған. №106 мектеп ғимараты алдына оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жасанды бұдыр орнатылған. Жұмыссыздықты азайтуда елді мекенде 28 адам қоғамдық ақылы жұмысқа тартылса, 7 адам жастар тәжірибесімен, 1 адам алғашқы жұмыс орнымен, 2 адам әлеуметтік жұмыс орны бойынша жұмыспен қамтылуда. Тиісті кезеңде ауылдық клуб үйінде 41 іс-шара өтіп, 6 үйірмеге 76 мүше тартылған.
Келесі жылға ауылдың әлеуметтікэкономикалық әлеуетін көтеруге бірқатар жоба жоспарланған. Атап айтқанда, аудандық бюджетке Жаңатұрмыс көшесін күрделі жөндеуге және Жаңатұрмыс, Қазақстан, Е.Құрманбаев көшелерінің жарықтандырылуына жоба-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
Кездесуде ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекмахан Есмаханов ауылдағы жүргізілген жұмыстарға оң бағасын беріп, алғысын айтты.
Одан соң есепті жиын Жосалы ауылдық округінің әкімі Әлімбай Білжановтың тұрғындар алдында 2023 жылдың 11 айында атқарған жұмыстары бойынша есеп беру кездесуіне ұласты.
Үй шаруашылықтарында 25 гектар бақша, 5 гектар көкөніс, 10 гектар картоп егілген. Көкөніс, бақша дақылдарын еккен 52 үйге бақшалық жер «Дәуіт» шаруа қожалығы арқылы дайындалып берілген. Округтегі қожалықтарда 170 гектар күріш, 55 гектар мақсары, 70 гектар бақша, 22 гектар көкөніс, 18 гектар картоп егілген. Ауылда 39 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, олардың жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 84,7 пайызды құрайды. Биылға 5 кәсіпкер тіркеліп отыр. «Ұлттық жобамен» 2 адам грант иегері атанып, кәсіптерін жүргізуде. «Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы «Іскер» бағдарламасымен 2 адам жылқы, мүйізді ірі қара өсіру жобасы бойынша жеңілдетілген несиеге ие болған. Құрылыс, абаттандыру саласында елді мекенде балалардың ойын және спорт алаңы салынған.
Жұмыссыздықты азайтуда қоғамдық жұмысқа 40 адам тартылса, жастар тәжірибесімен 3 адам, әлеуметтік жұмыс орнымен 1 адам, күміс жас жобасымен 2 адам қамтылған. Сондай-ақ, шаруа қожалықтарында маусымдық жұмыспен де ауыл тұрғындары жұмыспен қамтамасыз етілуде. Келер жылға да ауылда іргелі жұмыстар жоспарланған. Атап айтар болсақ, Жеңіс көшесіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізу, осы көшеге светодиодты жарық шамдарын орнату, П.Байшораұлы көшесі мен қиылыс 3 көшені жарықтандыруға жоба сметалық құжаттары дайындалған. Жиында ауыл ақсақалы Жақсылық Жалғасбаев жиналған қауымға ақ батасын беріп, тілектестік білдірді.
Есепті кездесу түстен кейін Жосалы кентінде Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде өтті. Онда кент әкімі Шыңғыс Сыдықов атқарылған жұмыстар бойынша есебін берді.
Салық түсімдерін ұлғайтуда жасалған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде соңғы 2 жылмен салыстырғанда кент әкімшілігінің бюджеті биыл 2,5 есеге артып, 104 пайызға орындалып отыр. Бұл көрсеткіш кәсіпкерлеріміздің салық төлемдерін уақытылы төлеуі арқылы кенттің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі деп білеміз. Қазіргі заманда экономиканың қозғаушы күші – кәсіпкерлік десек, мемлекет қолдауының нәтижесінде кентте шағын және орта бизнес айтарлықтай дамып, 1892 жеке тұлға кәсіпкер болып тіркелген. Қаржы ұйымдары тарапынан 75 жобаға несие берілсе, 77 жоба қайтарымсыз грант жеңімпазы болған. Осы жылдың 1 желтоқсанына дейін 8 өндірістік цех ашылса, жалпы 39 өндірістік цех жұмыс істеуде.
Азаматтардың табысын арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде агроаймақ үшін 30 гектар жер дайындалып, 60 адам қажетіне қарай көкөніс, бақша өнімдерін екті. 2023 жылдың 1 шілдесінде мал басына жүргізілген есеп бойынша жеке және шаруа қожалықтарда мүйізді ірі қара 9455 бас, уақ мал 9411 бас, жылқы 3931 бас, түйе 1168 бас және 3278 құс тіркелген.
Қазір кентте 137 көше болса, оның ішінде 90 көше асфальтталған, 36 көшеге қиыршық тас төселген, 11 көше топырақты. Оның ішінде 15 көшесі Тәуелсіздік ықшам ауданында тұрғындар қоныстанбаған көшелер.
Елді мекен инфрақұрылымының дамуына республикалық «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы оң нәтиже қалыптастырып отыр. Биыл бағдарламамен 15 көшені асфальттауға 360 млн 285 мың теңге қаржы бөлінді. Алайда, мердігерлермен жасалған келісіммен қосымша 5 көшемізді жөндеуге мүмкіндік жасалып, барлығы 20 көше асфальтталды. Ал, Есетұлы, Көбеев, Сейфуллин, Ізтілеуов көшелері жыл соңына дейін халық игілігіне пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде осы жылы асфальтты көше 50 пайыздан 65,7 пайызға дейін артып, қиыршық тасты көше 36 пайыздан 26,3 пайызға, топырақты көшелер 13 пайыздан 8 пайызға төмендеді. Алдағы жылға 9 көшені күрделі жөндеу, 11 көшеге орташа жөндеу жүргізу, 4 көшеге жаяу жүргінші жолын салу жоспарланған.
2 жылдан бері жарықтандыруға жасаған жобаларымыз 2023 жылы қолдау тауып, республикалық «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен 12 жобаға және аудандық бюджеттен 3 көшені жарықтандыруға қаржы бөлінді. Нәтижесінде 19 көшеге жаңадан түнгі жарық жүргізілді. Қазір кенттің 82 көшесінде түнгі жарық бар. Өткен есепті жиналыстарда Ә.Қайнарбаев көшесі тұрғындарының электр қуатының әлсіздігі туралы ұсыныстарына сәйкес, кент әкімшілігінің бюджеті есебінен қуаты 250 кВА майлы қосалқы станса (трансформатор) сатып алынып, орнатылды. Алдағы жылға 4 көшені жарықтандыруға жоба сметалық құжаты әзірленіп, сараптамадан өткізіліп қойылды. Бұған қосымша тағы 10 көшені жарықтандыруға жоба сметалық құжат әзірлеу жоспарланған.
Кенттің бүгінгі бейнесі көз тартарлық келбетке ие болып, заманауи тұрғыдан абаттандырылып, жаңартылуда. Биыл Шығыс каналының жағасы, Көшербаев көшесінің Қорқыт атаКөмекбаев көшелерінің аралығы, Тәуекелов көшесінің бойы абаттандырылды. Жағажай салу кент тұрғындарының біраз жылдан бері көтеріп келе жатқан мәселелерінің бірі болатын. Себебі, суға түсу маусымында белгіленбеген орындарда жасөсіпірімдер мен жастардың суға шомылуы кезінде қайғылы оқиғаның орын алған кездері болды. Осыған байланысты адам өмірінің қауіпсіздігі үшін Сырдария өзені көпірінің батыс аумағы бойынан жағажай орыны дайындалды. Қажетті құралжабдықтары суға шомылу мерзімінде қойылып, аяқталғанда жиналып алынатын болады. Сонымен қатар Орталық алаң жаны да абаттанды.
Бүгінде аудан орталығының 8 жерінде аулалық футбол алаңы, 11 жерінде шағын балалар ойын алаңы және 1 стритбол бар. Осы жылы жеке кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты Дәулет Қанатбай демеушілікпен Жастар саябағы ішінен шағын балалар ойын алаңын салып, табыстады. Келер жылы кентте 5 балалар ойын алаңын салуға жоба сметалық құжаттары дайындалған. Олар Мырзағалиева көшесіне футбол алаңын, Құсхана аталып кеткен аймаққа, №26 мектеп аумағына, Б.Момышұлы тұйығы және Жастар көшесі аумағына футбол алаңы мен балалар ойын алаңын салу жоспарланып отыр.
Жыл сайын көркейіп келе жатқан кентіміздің ажары оның тазалығына тікелей байланысты. Тұрмыстық қатты қалдықтар шығару полигонына қоқыс өңдейтін құрылғы орнату жұмыстарына жоба сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өткізілген.
Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін күл-қоқыс жиі тасталатын орындар мен көше қиылыстарына орнатылған бейнебақылау камералары жөндеуден өткізіліп, қазіргі таңда 40 дана бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр.
Жосалы кентінде 74 шақырым аяқ су арықтары бар. Оның ішінде 32 шақырымы негізгі, 42 шақырымы көшеаралық арықтар. Аяқ су 5 бағытта беріледі. Мердігер бекітілген кестеге сәйкес, 25 сәуірден-15 қыркүйек аралығында аяқ сумен қамтамасыз етті. Дегенмен аяқ су бармайтын жерлер бар. Осыған байланысты 4 жерге техникалық су ұңғымасы салынды. Енді алдағы жылы осы су ұңғымалары салынған аумақтарда аяқ су арығын тарту жоспарлануда.
Кент ауыз сумен толық қамтылған деп айтуға болады. Тұрғындар «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі және «Теміржолсуқұбыры» мекемесі арқылы ауыз су тұтынып отыр.
Мемлекеттік ірі стратегиялық маңызы бар – «Бейнеу-БозойШымкент» магистралды газ құбыры жобасының аясында 2021 жылдан бастап Жосалы кентінің тұрғындары көгілдір отынның игілігін көруде. Қазіргі таңда 3510 тұрғын үй газға қосылған. Көмір тасымалдаушы жеке кәсіпкерлер «Шұбаркөл» маркалы қатты отын (көмір) бағасын 19-21 мың теңге аралығында сатуда.
Есепті кездесулерде аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының биылғы жылдың 11 айында атқарылған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. Ол аудан көлемінде атқарылған көптеген шаруалармен қатар, алдағы жылдары атқарылатын ауқымды жұмыстарды да жан-жақты баяндады.
Аудан басшысы тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берсе, кейбір мәселенің зерттеліп, зерделеніп барып, жауабы берілетінін назарға салды.
Халықпен кездесулер барысында аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы «Қазір ең маңыздысы – қандай да бір жетістіктерге жету үшін бізге ауызбіршілік керек. Әрқашан еліміз тыныш, жақсы жаңалықтарымыз көп болсын» деп аудан тұрғындарын бірлікке үндеді.
Есеп беру кездесулерінде аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Қошалақов, аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысып отырды.
Сәрсенкүл АҚКІСІ

12 желтоқсан 2023 ж. 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 412

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930