» » Ойлы оқырман олжасы

Ойлы оқырман олжасы

qarmaqshy-tany.kz ОСЫДАН БІРНЕШЕ КҮН БҰРЫН РЕДАКЦИЯҒА ЖАЙДАРЫ ЖҮЗДІ БІР АТА КЕЛДІ. «ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛҒЫМ КЕЛІП ЕДІ?» ДЕП АҒЫНАН ЖАРЫЛЫП ƏҢГІМЕСІН АЙТА КЕТТІ. БІЗ ДЕ БҰЛ СƏТТІ ҚАЛТ ЖІБЕРГІМІЗ КЕЛМЕДІ. «СІЗДІ ГАЗЕТКЕ ЖАЗАЙЫҚ» ДЕДІК. БҰЛ АУДАН АЙНАСЫНА АЙНАЛҒАН «ҚАРМАҚШЫ ТАҢЫНЫҢ» ТҰРАҚТЫ ОҚЫРМАНЫ – ƏБЖАППАР АЛТЫНБАСОВ. ГАЗЕТТІҢ БІР ДЕ БІР САНЫН ҚҰР ЖІБЕРМЕЙДІ.
Атамыз сексеннің сеңгіріне шықса да газеттен қол үзбей келеді. Ол 1955 жылдан бері ПМК-30 мекемесінде токарь болып еңбек еткен. 1958 жылы әскери борышын өтеуге аттанады. 3 жылдан соң қайта жұмысқа орналасып, зауытта, құрылыста жұмысын жалғастырады. Зейнеттік демалысына 1994 жылы шығады.
– Жасымыздың ұлғайып қалғанына қарамастан газетті үзбей оқимыз. Аудан жаңалықтарын уақытылы халыққа жеткізіп отырған газеттің әрбір нөмірін жібермеуге тырысамын. Сонымен қатар қазіргі басылымның бет бейнесі бөлек, ой саларлық, танымдық мақалаларды жиі жариялайды. Қайсыбір үйге барсаң, үйіне мүлде газет келмейді. Ең болмағанда бір басылым алмай, қалай өмір сүреді екен деп ойға қаламын, – дейді атамыз.
Газеттің шығармашылық ұжымының мақсаты – жаны жақсылыққа құштар, газетті іздеп жүріп оқитын оқырмандардың көңілінен шығу. Сол жолда тілшілер тобы үнемі ізденісте, жаңашылдыққа жұмыс істеуге даяр.
Атадан «Қай авторды сүйіп оқисыз?» деп сұрадық. «Екі қыз бар. Өте жақсы жазады. Аттарын ұмытып қалып отырмын. Қазір қарап жіберейін» деп әріптесім Ардақ екеумізді айтты. «Айтып отырған екі қызыңыз қазір алдыңызда отыр» деп едік жүзіне бірден күлкі үйіріле кетті. Біз де өз тарапымыздан қуанып қалдық. Рас, кейде қалың оқырманға тегіміз таныс болғанымен, бет-әлпетімізді дұрыс тани бермейді.
– Адам жанына рухани азықтың дәнін себетін кітап пен газет қой. Тынымсыз тіршілікте уақыт тапсаң жаныңа тыныштық сыйлайтын да осы басылым. Әсіресе төл газеттің алар орны бөлек. Бүгінде заман талабына сай жарық көріп отырған аудан үнжариясының көтеретін жүгі еселеніп, салмағы артып келеді, – дейді Әбжаппар ата әңгіме соңында.
Газеттің қадірін еселеп, құндылығын арттыратын да – оқырман. Сол үшін жергілікті газетті жерлестердің асыға күтетіні шығармашылық ұжымға шабыт сыйлайды. Бұл күнде 90 жылдан аса тарихы бар «Қармақшы таңының» ұжымы осындай ойлы да жанашыр оқырмандары үшін тынбай еңбек ете береді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
05 желтоқсан 2023 ж. 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031