» » Оқырманға ой салатын газет

Оқырманға ой салатын газет

qarmaqshy-tany.kz Газет оқу – зиялылықтың белгісі. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөзі бүгін де өзектілігін жойған жоқ. Ақпарат алмасудың заманауи тәсілдері күн санап өзгеріп жатыр. Десе де қолдағы ұялы телефоннан емес, газет бетінен жаңалық күтетін оқырмандардың көптігі қуантады.

Осыдан бірнеше күн бұрын редакцияға жайдары жүзді бір апай келді. «Газетке жазылғым келіп еді» деп ағынан жарылып әңгімесін айта кетті. Біз де бұл сәтті қалт жібергіміз келмеді. Аудан айнасына айналған газетіміздің тұрақты оқырманы – Рауа Көбекова денсаулық сақтау саласының ардагері. Ол газеттің бірде-бір нөмірін қалдырмай оқиды.
– Газет аяқтың астына тастай салатын оңай дүние емес. Бұл еңбектің жұмысы. Оның бетінде қанша адамның тағдыры, бейнесі, суреті салынады. Ата тарихымыздан үзінділер де кездеседі. Сондықтан оның әр нөмірін қалт жібермеймін. Жарыққа шыққан материалдарды мұқият оқып, жаңалықтармен танысып отырамын. Газет оқымасам, бір дүние кем болып тұрғандай көрінеді. Ауданның тыныс-тіршілігін, алған асулары мен жеткен жетістіктерін халыққа жүйелі жеткізіп отырады. Басылым бетінде мәдени-рухани дүниемен қатар тарихи, саяси-танымдық мақалалар қатары көбейіп келеді. Сонымен қатар қоғамдық проблемаларды да жиі көтеріп отырады, – дейді ол әңгіме арасында.
Оқырманымыз бала күнінен ақ халатты абзал жанның өміріне қызыққанын айтады. Орта мектепті бітірген соң бірден дәріханада дәрілерді буып-түюші болып жұмыс істеп бастайды. Кейіннен Қызылорда қаласындағы медициналық училищеге түсіп, медбике мамандығын бітіреді. Оқуды тәмамдаған соң 1982 жылдан бастап аудандық аурухананың хирургия бөліміне медбике болып жұмысқа орналасады. Ал 1993 жылы аудандық емхананың хирургия бөліміне ауысып сол жерден өткен жылы зейнеткерлікке шығады. 40 жылдан аса денсаулық сақтау саласында еңбек еткен ол 2020 жылы республикалық «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады.
– Бұл марапатқа дейін бірнеше рет облыстық, аудандық құрмет грамоталарын алдым. Осы медаль менің бір салада ұзақ еңбек еткеніме берілген болатын. Әрине, еңбегімнің оң бағаланғанына қуанамын, – дейді ол.
Рауа Халыққызының екі бірдей қызы медицина саласында қызмет етеді. Динара аудандық емханада жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі болса, Алтынай облыстық ауруханада реаниматолог дәрігер. Бекзаты No121 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ал кенже ұлы Болат No250 мектеп-лицейде 10 сынып оқиды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
15 қазан 2022 ж. 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031