» » Өткеніміз бен бүгінімізді саралап, ертеңімізді бағдарладық: Аудан әкімінің есепті кездесуі бүгін Ақай, Төретам кенті, Қармақшы ауылдық округтерінен басталды

Өткеніміз бен бүгінімізді саралап, ертеңімізді бағдарладық: Аудан әкімінің есепті кездесуі бүгін Ақай, Төретам кенті, Қармақшы ауылдық округтерінен басталды

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының халықпен есепті кездесуі бүгін Ақай ауылы, Төретам кенті, Қармақшы ауылдық округтерінде басталды. Есепті кездесуде әлеуметтің түйінді түйткілдеріне басымдық берілді. Осы бағыттағы шешімін тауып үлгермеген мәселелерге тиісті талдаулар жасалып, алға қойылған нақты міндеттер айтылды.

Тереңінен тарқатар болсақ: Қармақшы ауданы бойынша биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында макроэкономикалық көрсеткіштерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жоғары өсім қалыптасып, аймақта алғашқы позицияға орналасуы аудан аумағындағы жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесін айқындайды.

Аудан әкімі ең алдымен халықты жұмыспен қамту мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы басым бағыт болып қала беретініне екпін түсірді. Осыған сәйкес ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына тікелей әсер ететін шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, халықтың жеке кәсіппен айналысуы бойынша ағымдағы жылы барлық бағдарламалар шеңберінде 178 жоба қаржыландырылды. Мұнан бөлек әлеуметтік осал топ өкілдеріне «Кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі Ұлттық жоба аясында кәсібін бастаймын деген 194 азамат грант иегері атанды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының қазан айында өткен комиссия отырысында мақұлданған 18 жобаның құжаттары жинақталып, қаржыландыру үстінде. Ауылшаруашылығына негізделген ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,6 пайызды құрады. Мұндай көрсеткіштерге аудан биылғы жылы бірінші рет қол жеткізіп отыр. Сайып келгенде кәсіпкерлік мақсаттағы, ауылшаруашылығындағы атқарылған жұмыстардың легі аудан халқының әлеуметтік жағдайының жақсаруы мен экономикамыздың дамуына сеп болатыны анық.

Аудандағы құрылыс саласы соңғы жылдары жоғары қарқынға ие. Атап айтсақ, Байқоңыр қаласындағы көпқабатты 5 тұрғын үй құрылысы және аумағын абаттандыру, инженерлік жүйелерін жүргізу, елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Т.Көмекбаев, Қармақшы, Алдашбай Ахун ауылдарында су қабылдайтын құрылғыны қайта құру» жобалары іске асырылып, пайдалануға берілді. Төретам кентін газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға Ұлттық қордан қаржы бөлінді. Жыл аяғына дейін кәсіпкерлерден екі пәтерлік 51 пәтерлі тұрғын үйлерді сатып алу жоспарлануда, бүгінгі күні мемлекеттік тұрғын үй қорына заңдылыққа сәйкес 47 тұрғын үйлер сатып алынды. «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тұрмағамбет, Ақжар, Дүр Оңғар ауылдарында дәрігерлік амбулатория құрылыстары жүргізілуде, аудан орталығындағы «Шипагер» емханасы үшін блоктық модульдік қазандық салу жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы аудандық орталық ауруханада компьютерлік томография кабинеті ашылды.

Халық игілігіне бағытталған жұмыстар білім, мәдениет және спорт салаларында өз нәтижесін көрсетуде. Биыл аймақ басшысының қолдауымен аудан мектептеріне 4 жаңа 40 орындық автобус табысталса, білім нысандарындағы бу қазандықтарын қалыпқа келтіру мақсатында биылғы жылы 4 балабақшаның бу қазандықтарының ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, білім алушылардың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2024-2025 жылдары аралығында Жосалы кентінде орналасқан №105 мектеп-лицейі және Интернационал ауылындағы №108 орта мектебі ғимаратын салу жоспарлануда.

Биыл Қармақшы ауданының негізі қаланғанына 95 жыл толып отыр. Осыған орай мәдениет саласында жыл көлемінде «95 жылға - 95 шара» атауымен ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерейтой аясында ақындар айтысы мен жыраулар фестивалі, жыл көлемінде тағылымы мен тәрбиелік маңызы зор, рухани, мәдени, спорттық бағыттағы әртүрлі жиындар, жарыстар, басқа да іс-шаралар, ұлттық спортты насихаттау мақсатында түрлі сайыстар өтті.

Ауданда бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыру мақсатында «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жосалы кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ақай ауылындағы дене-шынықтыру және сауықтыру кешенінің, республикалық бюджеттің бірінші нақтылауында Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс нысандарын салу жұмыстары жүргізілуде. Спорт нысандарындағы бу қазандықтарын қалыпқа келтіру үшін Жосалы кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің бу қазандығын табиғи газге ауыстыру жұмыстарына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Иіркөл, Төребай би, Ақай және Ақжар, Қуандария, Тұрмағамбет және Алдашбай Ахун, Ақтөбе ауылдарындағы балалар ойын алаңдарын жасау мен жасанды газон төсеніш төсеу жұмыстары аяқталып, елдегі балаларға қолданысқа берілді.

Инфрақұрылымдық жұмыстарға облыстық бюджеттен аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент» Ақжар, Тұрмағамбет, Көмекбаев автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мердігер мекеме биылға жоспарлаған және бөлінген қаржы көлеміне сәйкес 8 шақырым жолдың жұмыстарын толық аяқтады. Қазан айында аудандық маңызы бар "Қызылтам елді мекеніне кіре беріс" автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, жол құрылысы жұмыстары басталды. «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 елді мекеннің 21 көшесі орташа жөндеуден өткізуде. Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 11 су ұңғымаларын орнату жұмыстары толық аяқталды. Аудан бюджетінің есебінен аудан орталығындағы «Шығыс» каналы жағасы, К. Тәуекелов көшесі тұйығы, Е. Көшербаев көшесі, кенттегі жағажайларды абаттандыру жұмыстары жасалды.

Сонымен қатар, көптен бері кент тұрғындарының көтеріп жүрген күрделі мәселелердің бірі Жосалы кентіндегі Мырзағалиев көшесінен темір жол өткелі құрылысы (переезд) жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары сатысында.

Еңселі болу үшін еңсеріп жұмыс істеу қағидасына сүйене отырып, аудан халқы үшін атқарылар жұмыс орасан. Оның ішінде ауқымды жобаларға тоқталсақ: Жосалы кенті «Тәуелсіздік» ықшам ауданының үйлеріне газ желілерін жеткізу, Көмекбаев, Қуандария, Ақтөбе, Иіркөл елді мекендеріндегі тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының (электр беру желілерінің) құрылыстары 2024 жылдың еңшісіне енді.

Жылдың жақсы бір дәстүріне айналған басқосу ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын бағамдау алаңы ғана емес, ақылдасып, алға басудың ой жинақтау мінбері болсын деген мақсатта Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес жүргізілуде.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтарды Instagram
Telegram каналымыздан оқыңыз

05 желтоқсан 2023 ж. 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 222

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 328

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930