» » «Көп оқу – зиялылық белгісі»

«Көп оқу – зиялылық белгісі»

qarmaqshy-tany.kz Қазір ақпараттық технология дамыған заманда кей адамдардың көкірегінде қағаз бетіне басылып шығатын газет-жорналдардың болашағы бар ма деген сауал басым. Себебі ғаламдағы өзгерістер мен жаңалықтарды, керек ақпараттарды әлеуметтік желі арқылы білуде. Көпшіліктің «ғаламтор алысты жақындатады, байланысты жеделдетеді» дейтіні сол. Алайда желідегі жалған ақпаратқа алданып, опық жегендер де аз емес. Сол үшін шынайы жаңалықтарды газет бетінен іздеп оқитын оқырмандардың бүгінде қатары сирей қойған жоқ.
Кент тұрғыны Серік Сырымбаев аудан айнасын үзбей алып тұратын оқырманның бірі. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер. 1995 жылдан бері кентте такси қызметімен айналысып келеді. Басылымға деген оң көзқарас қалпынан әлі де айнымағанын бізбен әңгіме барысында жеткізді.
– Жалпы ең бірінші газетті халықты сауаттандыратын бірден-бір ашық құрал деп есептеймін. «Өзі – бір күндік, сөзі – мың күндік» болатын газет-жорнал түсінген адамға ақпараттың қайнар көзі, таусылмас құнды қазына. Қазір байқасаңыз қоғамда тілдің шұбарлануы белең алып барады. Сөзді толық айтпау, қысқа жауап беру, дұрыс сөйлемеу екінің бірінде бар. Оған себеп қазіргі жастардың кітап, газеттерді оқымауынан. Мысалы, кез келген басылым бетінен мақаланың қалай болса солай толық жазылмай салынғанын көріп оқыдыңыз ба? Әрине жоқ. Міне, газетте әрбір сөзің, ақпаратың шынайы анық жазылады, – дейді Серік ағамыз.
Газет – журналистердің үздіксіз ізденісі, табанды еңбегі. Ел азаматтарының ізгі істері мен қоғамдағы өзекті мәселелер жайында оқырманға көрнекі жеткізеді. Бұл турасында Серік ағамыздың да ойы бізбен бір арнада тоғысқандай.
– Аудандық газетті оқығанда іштей баға беріп отырамын. Журналистердің еңбегін бағалаймын. Кентіміздегі жаңалықтарды оқып, оң өзгерістерге қуанып, қолдап отырамыз. Көлік жүргізгеннен кейін жол қауіпсіздік ережелеріне қатысты мақалалардың көп болғанын қалаймыз. Біздің жасымыз есейгесін ғаламтор ақтарып жаңалық іздегеннен, басылым беттерінен оқыған әлдеқайда жақсы. Көп оқу – зиялылықтың белгісі, – дейді ол.
04 желтоқсан 2023 ж. 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930