» » Таңбаланған тарих

Таңбаланған тарих

qarmaqshy-tany.kz Бұл күнде газеттен гаджет озған заман болып тұрғаны рас. Алайда, ақпарат айдынында мерзімді басылымның өзіндік алар орны орасан, мүлдем бөлек. Себебі газетте шынайы ақпарат бар. Секунд сайын жаңарып тұратын сайттардан газетті айрықшалап тұратын негізгі басымдық – осы дер едім. Біз етігінің қонышына газет-журнал қыстырып, кең далада мал қайырған қойшыны көрген ұрпақпыз. Қайнаған тіршіліктің арасында жүрсе де, мерзімді басылымдарды жібермей оқитын ағалардың тәрбиесін алған адамдармыз. Сондықтан бала күнімізден кітаппен қатар әр басылымның бір нөмірін жібермей оқуға дағдыланғанбыз.
Бала кезден газет, кітап оқып үйренген біздер үшін басылымды парақтап отырып қарағаннан артық дүние жоқ. Бүгінде ақпараттық технология дамыды. Барлық керек дүниені алдыңда тұрған компьютерден табуға болады. Оның үстіне интернет игілігімізге айналғаннан бері, түрлі ақпараттық сайттар ашылды. Бұдан бөлек, дәстүрлі басылымдардың да сайттық нұсқалары өмірге келіп жатыр.
Десек те осы интернеттің пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда, оның зияны да аз емес. Оның ең бірінші зияны – тәуелділік. Сол себепті компьютерге, интернетке тәуелділіктің зиянын естен шығармаған абзал.
Біз жыл сайын баспасөзге толықтай жазыламыз. Ұжыммен түгел жазылуда ешқандай мәселе болған емес. Өзіміз мәдениет саласында жүрген соң, ақпарат саласы да бізге бір табан жақын. Жалпы әрбір адам өз өңірінен шығатын басылымды парақтап, оң өзгерістерді көріп, жақсы нәрселерді көңілге түйіп, жаңалықтардан хабардар болғаны жөн. Аудан орталығынан шеткері орналасқандықтан газет арқылы орталықтағы, әр ауылдағы жаңалықтарды оқып, қуанып отырамыз. Қазір газетте байыпты сараптамалар, танымдық мақалалар көбейген. Сонысы қуантады. Өзіміздің жетістіктеріміз де ара-тұра газет бетінен көрініс табады. Оған да қуанып қаламыз. Себебі газет дегеніміз – таңбаланған тарих қой. Әлеуметтік желідегі ақпараттың ғұмыры белгісіз. Ал газет – өміршең. Сондықтан да газеттен алыстамай бұрынғыдай руханиятымызды дамытсақ деймін.
Замира ҚАМБАРОВА,
Қуаңдария ауылдық клуб үйінің меңгерушісі
02 желтоқсан 2023 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 276
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 492

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031