» » «Зымыран» республикалық оқу-жаттығу жұмыстары жоғарғы деңгейде өтті

«Зымыран» республикалық оқу-жаттығу жұмыстары жоғарғы деңгейде өтті

qarmaqshy-tany.kz Экономикалық дамудың нарықтық моделіне көшу, мемлекеттік басқару жүйесін терең реформалау, жаңа қауіптер мен сын-қатерлердің туындауы азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінен тұрақты дайындықты талап етеді. Осы ретте бүгін аудан аумағына қарасты Диірментөбе елдімекенінде «Зымыран» республикалық оқу-жаттығу жұмыстары болып өтті.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға жедел ден қою, азаматтық қорғаныс күштері мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құрылымдарының дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жұмыстарына ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы мен ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов, аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы қатысты.

Оқу-жаттығуда Қызылорда облысының құтқару бөлімшелері мен азаматтық қорғаныс қызметтерінің және Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің №70 Федералдық өртке қарсы қызметінің арнайы басқармасы қызметкерлері зымыран тасығышының апатқа ұшырауы зардаптарын жою кезіндегі іс-қимылдардың практикалық жұмысын көрсетті.

Түстен кейін оқу-жаттығу жұмыстарын қорытындылау тыңдалымы өтіп, «Зымыран» республикалық оқу-жаттығу жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан жоғары деңгейде өткізілген іс-шараға оң баға берілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

04 қараша 2023 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 118
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031