» » Аудан аумағында өткізілетін «Зымыран» республикалық оқу-жаттығу жұмыстарының барысы жайында тыңдалым өтті

Аудан аумағында өткізілетін «Зымыран» республикалық оқу-жаттығу жұмыстарының барысы жайында тыңдалым өтті


qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы мен ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов «Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының дайындық барысы мен өткізу шараларының тыңдалымына қатысты.

Төтенше оқиға кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйелері басқару органдарының күштері мен құралдарының әзірлігін пысықтау мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жұмыстары барысында АҚМЖ аумақтық және салалық кіші жүйелерінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының дайындық дәрежесі бақыланады, азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару жөніндегі іс-әрекеттері мен өзара іс-қимылдарының үйлесімділігі жетілдіріледі. Құлақтандыру және байланыс жүйелерінің әзірлігі, жедел кезекшілік ұйымдастыру, диспетчерлік қызметтердің жұмысы, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резерв қоры тексеріледі, төтенше жағдайды алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың, азаматтық қорғау қызметтері жедел штабтарының жұмыстарын ұйымдастыру көзделген.

Аталмыш оқу-жаттығу іс-шарасының теориялық бөлігі Жосалы кентінде ұйымдастырылса, практикалық іс-қимыл Диірментөбе елді мекенінде өткізілетін болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

03 қараша 2023 ж. 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930