» » Қызылордада «Зымыран» республикалық оқу-жаттығуы өтуде

Қызылордада «Зымыран» республикалық оқу-жаттығуы өтуде


Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісовпен кездесіп, «Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және өткізу шараларын талқылады.

Вице-министрдің айтуынша, 1-3 қараша аралығындағы оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше оқиға кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйелері басқару органдарының күштері мен құралдарының әзірлігін пысықтау.

Оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай туындағандағы міндеттерді орындауға АҚМЖ аумақтық және салалық кіші жүйелерінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының дайындық дәрежесі анықталады. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға бағынысты азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару жөніндегі іс-әрекеттері мен өзара іс-қимылдарының үйлесімділігі жетілдіріледі. Құлақтандыру және байланыс жүйелерінің әзірлігі, жедел кезекшілік ұйымдастыру, диспетчерлік қызметтердің жұмысы, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резерв қоры тексеріледі. Сондай-ақ ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың, азаматтық қорғау қызметтері жедел штабтарының жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылған.

Оқу-жаттығуға облыстық азаматтық қорғаудың 15 қызметі және Қармақшы ауданы әкімдігі қатысуда. Іс-шара екі кезеңнен тұрады. Теориялық бөлігі Қармақшы ауданы Жосалы кентінде ұйымдастырылса, практикалық іс-қимыл Диірментөбе елді мекенінде өткізілмек.

Аймақ басшысы бұл операцияның маңыздылығын айтып, оқу-жаттығудың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

02 қараша 2023 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 305

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 402

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930