«Қыс-2021» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы Қызылорда өңірінде өткізілді
Мақсаты:
1. Қыс кезеңінде ТЖ қаупі және туындауы кезіне аралған міндеттерді орындауға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі басқару органдары мен күштерін жоғары дайындыққа келтіру;
2. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі мен халықтың әзірлігі мен мүмкіндік деңгейін арттыру;
3. Көлік магистральдары мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі бұзылған жағдайда салалық және аумақтық кіші жүйелердің жұмысын үйлестіру;
4. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі жедел кезекшілік ұйымдастырылуы, құлақтандыру мен байланыс әзірлігі, материалдық-техникалық қор, азық-түлік және медициналық резервтердің құрылуын тексеру;
5. ТЖ алдын алу және оны жою жөніндегі комиссияның, жедел штабтардың жұмысын ұйымдастыру;
6. Қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының әзірлігін тексеру.
Бүгін Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданында «Қыс-2021» оқу-жаттығудың практикалық кезеңі өтті.
Практикалық кезең жоспарына сәйкес Жалағаш ауданында орналасқан «АгроХолдингҚызылорда» ЖШС ауласында азаматтық қорғау қызметтерінің саптық қарауы өтті. Одан соң орын алған өртті сөндіру, авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізу, тұрғындарды төтенше жағдай аймағынан қауіпсіз орындарға көшіру, медициналық көмек көрсету және ТЖ зардаптарын жою барысы пысықталды. Осы кезеңге 8 құрылым, 65 адам, 16 техника, 1 кинологиялық есеп қатыстырылды.
Оқу-жаттығудың 2 кезеңі - «Жалағаш-Қармақшы» жергілікті маңызы бар автожолында соқтығысқан автокөліктерге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналды. Оқу-жаттығу барысында адамдарды эвакуациялау, құтқару және іздестіру, медициналық көмек көрсету барысы жасалды. Оған 5 құрылым, 43 қызметкер, 14 техника, 1 кинологиялық есеп қатыстырылды.
Оқу-жаттығудың 3 кезеңінде «Жалағаш-Қармақшы» жергілікті маңызы бар автожолында қар құрсауында қалған адамдарды эвакуациялау құтқару және іздестіру, медициналық көмек көрсету жұмыстары жасалды. Осы этапқа 7 құрылым, 52 қызметкер, 16 техника, 1 кинологиялық есеп атсалысты.Бүгінгі практикалық оқу-жаттығудың өткізілу кезеңдері мен жалпы мақсаты туралы Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев республикалық «Хабар» арнасына тұшымды сұхбат берді.
Қызылорда облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы
Қоғаммен байланыс тобы