» » Диірментөбеде дала жаттығуы өтті

Диірментөбеде дала жаттығуы өтті

Осыған дейін «Протон» зымыран тасығышының Байқоңырдан ұшырылғанына біраз жылға жуықтапты. Сәтсәз ұшырылым салдарынан бірнеше рет апат та орын алып жатты. Осыған байланысты өткен аптада төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында күштік құрылымдар алғаш мәрте зымыран тасығыш апатына қарсы республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу дайындығын өткізді. Апаттық құтқару Қармақшы ауданына қарасты Диірментөбе елді мекенінде пысықталды.
Естереңізде болса осыдан жеті жыл бұрын Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыранын ұшыру кезінде үшінші сатының басқару қозғалтқышының штаттан тыс жұмысының себебінен апатты жағдай орын алған болатын. Ғарышқа «Глонасс-М» аппаратын алып ұшпақ болған протонның әуеге көтеріле бере кенеттен ұшу бағыты өзгеріп, ғарыш айлағының аумағына құлап жарылған еді. Қазақ даласына зәрін шашқан гептил күні бүгінге дейін халықтың санасында қалып, сары уайымға салып қойды. Әсіресе ғарыш айлағына жақын орналасқан Байқоңыр, Төретам және Ақай ауылының тұрғындарын әбігерге салды. Тіпті іргелес жатқан Қармақшы ауданы болып зиянды қалдықтан қауіптенгеніміз рас. Міне осындай апатты жағдай болған кезде халықты эвакуациялау шарасы өткізілді.
Аталған шараға республикадан 8 облыс қатысты. Себебі, зымыран тасығыштардың ұшу жолы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Нұр-Сұлтан қаласының үстінен өтеді. Ал оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару штабы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ахуалдық орталығында орналасқан. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран тасығыштардың апатына байланысты төтенше жағдай туындаған кезде Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бағынысты Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару бойынша өзара іс-қимыл жолға қойылды.
Оқу-жаттығуға республикалық азаматтық қорғау қызметтері – орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдары, облыстық Азаматтық қорғау қызметтері, Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері қатысты.
Аталған шара теориялық және практикалық екі кезеңде өткізілді. Алғашқы кезеңде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде гептил отыны бар «Протон» зымыранының аудан аумағына құлауы анықталды. Ал екінші кезеңде Диірментөбе маңында барлық құрылымдардың саптық дайындығы пысықталды. Мұнда апаттың салдарын жоюға қауқарлы 70-ке жуық техника мен 400-ден аса адам жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысында «Протон» зымыран тасығышының апатқа ұшырағаны жөнінде хабар берілді. Оқиға орнына алғаш болып ғарыш-экология мамандары мен өрт сөндірушілер жетті. Апат орнын қоршауға алып экологиялық қауіпсіздік мәселесіне мән берген мамандар жақын маңдағы халықты қауіпсіз орынға жедел көшіру әрекетіне кірісті. Тұрғындар мен бірге төрт түлік те аумақтан көшірілді. Жедел штаб құрылып, әскери жасақтың көмегімен арнайы сап түзілді. Құтқару шарасы жоғары деңгейде өтті. Мұндай апат орын алған жағдайда тез қимылдап алдын алу үшін осындай жаттығулар керек дейді мамандар.
– Гептилдің әсерінен аймақтағы жер, өсімдік және ауа улануда. Осыған орай теориялық жаттығуда ғарыш-экология мекемесінің жауапты қызметкерлерімен бірге жағдай мен сұрақтарды талқыладық. Республикалық командалық штабтың оқу-жаттығу орталығы – Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратында орналасқан, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов.


Ерсін СӘДУҰЛЫ
05 қараша 2019 ж. 979 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031