» » Еңбек еңсені көтереді

Еңбек еңсені көтереді

qarmaqshy-tany.kz Еңбек етемін деген адамға мүмкіндік көп. «Қолы қимылдағанның аузы да қимылдайды» деген сөз бар емес пе? Бойдағы жалқаулықты жеңе білсек болғаны. Себебі кәсіптің қай түрі де берекелі.
Мемлекеттің жеңілдіктерін жөнімен пайдаланып, кәсібін өркендетіп жүрген жеке кәсіпкердің бірі – төретамдық Марат Сүйіндіков. Өткен жылы ол «Ұлттық жоба» аясында жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуды жүзеге асыру мақсатындағы «Сүт» бағытында қайтарымсыз грант жеңіп алды.
Бүгінде кәсіпкер «Ақбас» тұқымды бірнеше сиырын бағып, одан алған өнімін төретамдықтарға арзан бағаға сатуда.
– Өткен жылы отбасымен ақылдаса келе, Төретам кенті мамандарының қолдауымен қайтарымсыз грантқа құжат тапсырып, сүт бағытында жоба қорғадым. Грант жеңіп алып, кәсібімді дөңгелетіп отырған жайым бар. Алған несиеге бірнеше мүйізді ірі қара малын сатып алдым. Оны көбейтуге жұмыс жасаудамын. Осы кәсіпті жүзеге асыруда нағашым Мұрат Құттықожаұлы көмектесті. Сиырдан алған өнімімізді сұраушылар жетерлік. Құрт-ірімшік, қатық, айран өндіру де жоспарымызда бар – дейді кәсіпкер.
Отбасылық кәсіпті жүргізіп отырған Марат Самалбекұлының зайыбы Ләззат та мал шаруашылығына бейім. Олар отбасында 5 ұл-қыз тәрбиелеп отыр. Балалары жоғары және арнайы орта білімді мамандар. Олар да жұмыстан бос уақытында атаанасының кәсібінің өркендеуіне атсалысып жүр. Бірі – жем-шөбін берсе, бірі – өріске жібереді. Отанасы Ләззат – №85 орта мектепте мұғалім. Бос уақытында тігіншілік кәсіппен айналысады. Сонымен қатар, бағымдағы сиырларды сауып, айран пісіп, құртірімшік жасайды.
«Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» дегендей, еңбек етіп, мақсатқа жеткен жанның шаруасы шалқып, несібесі артатыны анық. Сол айтқанымыздай, адал еңбегінің ақ майын татып отырған төретамдық кәсіпкер Марат Сүйіндіковтің кәсібін көпке үлгі етуге тұрарлық.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
31 тамыз 2023 ж. 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 586

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30