» » Достық – ұлық ұғым

Достық – ұлық ұғым

qarmaqshy-tany.kz Татулық пен тұрақтылықты ту еткен ІІІ Интернационал ауылында 12 ұлттың өкілі қоныстанған. Тіпті ол ауылда әр ұлттың өкілдері бір-бірімен бас қосып, шаңырақ көтеріп, бақытты да тату өмір сүріп, бірлесе еңбек етуде.
Оған ауылдағы Бекир Нәбиев басқаратын «Достық Жер МК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дәлел. Бұл шаруашылықтың «Достық» деп аталуында да үлкен мән бар. Достықтың символын дәріптеген шаруашылық ауылда мекен еткен ұлт өкілдерін біріктіріп, егін егіп, ел дамуына, тұрғындардың әлеуетінің артуына аянбай еңбек етуде.

Бүгінде бірі – тракторды, бірі – комбайнды, енді бірі – автокөлікті тізгіндеген, ал бірі – диқан кетпенін иығына салып, күріш, бақша егіп, ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауылда мемлекеттің қолдауымен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда, тұрғындар, оның ішінде жастар белсенділік танытып, еңбек төрінен көрінуде.

Мемлекет қолдауына ие болып, кәсібінің нәсібін тауып отырған жас интернационалдық кәсіпкердің бірі – Амша Рашитова.
Ол Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген елді мекенінің тумасы. Интернационалдық Ясин Мурадовпен көңілі жарасып, шаңырақ көтерді. Оған да 10 жылдан асыпты. Бүгінде бақытты отбасында 4 ұл-қыз тәрбиеленуде.

«Отағасының шаруаға деген икемінің арқасында бірнеше мүйізді ірі қара, оның ішінде қазақтың бірнеше ақбас сиыры, жылқы, қаз-үйрек, түйетауық, қазақы тауықпен отбасымызды асыраудамыз. Жолдасым Ясин де, мен де жұмыссыз болдық. Қолымызда анамыз бар. Оның зейнетақысы бізге тамақ болмайтынын біліп, ойласа келе мемлекеттің қолдауымен жастарға көрсетіліп жатқан қолдаудан үлесімізді алуды шешіп, өткен жылы «Қой өсіру» бағытында қайтарымсыз грантқа ие болдық. Бүгінде оның рақатын көріп отырған жайымыз бар. Қорамызда түрлі жеміс ағашы өсіп тұр. Жыл сайын олардан да өнім аламыз. Егіншілікпен де айналысамыз, бақша дақылдарын егіп, ауысқанын сатамыз. Тосап, кампот жасаймыз, Алла берген ұлқызымызды өсіріп, олардың қоғамнан өз орнын сайлап алуға еңбек сіңіріп жатырмыз. Ауылдастарымызбен де, достарымыз бен де сыйластықтамыз», – дейді кәсіпкер.

«Еңбек түбі – береке», – дейді дана халық. Осындай ұғымды санасына сіңірген кәсіпкер алдағы уақытта мемлекеттің жастарды қолдауға арналған бағдарламасының бірі – ауыл жастарын 2,5 пайыздық несие алу арқылы кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында кәсібін кеңейту жоспарда бар екенін тілге тиек етті. Ол үшін ауласынан арнайылап, кең де заман талабына сай қора салуға дайындық үстінде екен. Егер жоба орындалған жағдайда жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамтығысы келеді.

«Ауыл тұрғындары арасында басқа малдың етінен гөрі, қой етінен дайындалған тұшпара өтімді. Осы кәсіпті қолға алдым. Сонымен қатар, көптен ойымда жүрген жоспарымның бірі – тұрғындар бос уақытын тиімді пайдалануға, оның ішінде жастарға арнап бильярд, теннис бөлмелері, кафесі бар ойын-сауық орталығын ашуды армандаймын. Егер отбасылық кәсібіміз кеңейсе, осы жобаны қолға аламын. Біздің ауыл көпұлтты. Мен өзім қазақша да, орысша да және басқа да тілдерді жақсы меңгергенмін. Өзге ұлттың тілін аса құрметтеймін. Сондықтан да тілге деген құрметім зор. Достарымның арасында осы ауылда тұратын барлық ұлт өкілінің ұрпақтары бар. Бәрімізде бір-бірімізге деген құрметіміз ерекше. Ұлтқа бөліну деген жоқ. Бір ананың баласындай өмір сүреміз. Сондықтан да болар, өзге өңір тұрғындары ауылымызды ынтымақ пен бірлік, татулық пен достық мекені дейді. Тіпті де сүйсіне қарайды. Мен достық деген ұлық ұғымды санама сіңіріп өскен азаматпын», – дейді Ясин Рашидұлы.

«Мурадовтар отбасы ауылдағы татулығы мен берекесі артқан отбасылардың бірі. Олар отбасылық өнегелі өмір жолымен, үлгілі ісімен ауылдастарына танылған жас отбасы. Кәсіпкерлік саласында да көпке үлгі көрсетуде. Өткен жылы мемлекеттен қайтарымсыз грант жеңіп алып, ауылдың өзге жастарына өнеге көрсетті. Тіпті, екі қолын қалтасына салып, жұмыссыз жүрген жастарды осы бағдарламаға қатысуға насихаттап жүр. Мурадовтар отбасы ауылда болып жатқан түрлі іс-шараға да өз үлесін қосып, құрметтілер қатарынан көрініп жүр», – дейді ауыл әкімшілігінің маманы Давлат Тельманов.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
29 сәуір 2023 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031