» » Достықтың асыл арқауы

Достықтың асыл арқауы

Асыл мұра – өткен күнді айғақтайтын құжаттарды жинақтау, сақтау және жариялау архив қызметінің әрқашан маңызды шарасының бірі. Өткенімізді білуді, оның анық-қанығына көз жеткізуді тек архив құжаттары ғана айғақтайды.
ІІІ Интернационал ауылы қашаннан игі дәстүрдің құтты қонысы болған мекен. Бұған дейін «ІІІ Интернационал», «Червонная земля», Утренняя заря деген атаумен аталған ұжымшарлар өткен ғасырдың елуінші жылы ірілендіріліп, «ІІІ Интернационал» ұжымшары болып құрылды.
Оның қарыштап даму кезеңі осы жылдардан басталады.
Біріккен үш ауыл тұрғындарының ұйғарымымен төраға қызметіне Цай Ден Хак сайланды. Міне, 14 ұлттың өкілі бір ананың баласындай өмір сүріп, еңбек еткен ауыл тұрғындары арасында «Колхоз құрылысының атасы» атанған Цай Ден Хактың басшылығымен ІІІ Интернационал ауылы үлкен жетістікке қол жеткізіп, ауылдың аты республикаға, тіпті Кеңестер Одағына танылды. Ұжшар құрылысының дарабозы атанған білікті сала майталманы Цай Ден Хактың есімі де ауыл халқымен бірге дүйім қазақ жұртшылығына таралып, оның еңбегі көпке үлгі болды. Ел алдындағы елеулі еңбегі үшін ол Еңбек Ері атағына, екі мәрте «Ленин» ордені, сонымен бірге «Халықтар достығы» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері атанды. Екі рет Қаз КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. Ұжшар ірілендірілген жылы күріштің көлемі 700 гектарға жеткізіліп, күзгі жиын-терім маусымында ауыл диқандары күріштің әр гектарынан 18-20 центнерден өнім жинады.
Сол жылы ауылдың диқан-механизаторлары үлкен жетістікке қол жеткізді. Көптеген сала қызметкерлерінің еңбегі еленіп, мемлекеттік наградаға ұсынылды. Ұжшар еңбеккерлері күріш дақылын өсірумен қатар, мал шаруашылығын өркендетуде үлкен жұмыс атқарды. 1965 жылғы есеп бойынша ұжшарда 1560 бас мүйізді ірі қара, 15 мың қой, 280 жылқы, 110 түйе болды. Құс өсіру де ауыл тұрғындарының арасында кең қанат жайды. Бірлігі мен тірлігі жарасқан ұжымшар өрлеу жолына түсті. 1971-1975 жылдары шаруашылықтың техникалық базасы нығайды. Сол жылдары ұжшарда 80 трактор, 51 комбайн, 34 автокөлік болды. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін нығайтуда 56 тұрғын үй салынса, мейманхана, асхана, 60 орындық жатақхана және жаңа үлгідегі мал қора салынды.
Содан кейінгі жылдарда ауыл тұрғындарының әлеуетін арттыруда жұмыстар бәсеңдеген жоқ. 75 орындық балабақша іске қосылса, «Торади» кулинарлық дүкені, шұжық цехы және басқа да әлеуметтік нысандар ел игілігіне пайдалануға берілді. Осы жылдар аралығында ауыл тұрғындары арасында 4 адам «Ленин» орденімен, 1 адам «Октябрь революциясы» орденімен, 16 адам «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, 16 адам «Құрмет белгісі» орденімен, 5 адам ІІ және ІІІ дәрежелі «Еңбек» орденімен, 12 адам «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, оның ішінде Мусатай Қалмаханов осы награданы екі рет иеленді.
«Елу жылда – ел жаңа» дегендей, сексен жылдық тарихы бар ІІІ Интернационал ауылында бүгінде 11 ұлттың өкілі тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде.
Иә, бүгінде сол ауылды құруға атсалысқан аға буын өкілдерінің ұрпақтары тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп тегіннен-тегін айтылмаған. Көпұлтты еліміздің ырысын арттырып, берекесін нығайтатын да тамыры тереңге кеткен татулық пен туыстық қарым-қатынасы жалғаса береді.


З.МАХАНБЕТЖАНОВА,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві»
КММ-нің Қармақшы аудандық филиалының
архивисі





24 қыркүйек 2019 ж. 1 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031