» » Талап қылған табыс табар

Талап қылған табыс табар

qarmaqshy-tany.kz Біз ата кәсіпті нәсіп ет кен ағайынның жағдайын білмекке ғарышкерлер айлағы маңында орналасқан Төретам кентіне ат басын бұрдық. Зеңгі баба тұқымын өсіруді қолға алғандардың бірі – Бақытбек Айдаров.

Кәсіпкер өткен жылы мемлекет тарапынан жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту және елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан бағдарлама бойынша кәсіпкерлік негізінде арнайы оқу курсынан өтіп, қайтарымсыз гранттың «Сүт» бағыты бойынша мүйізді ірі қара малын сатып алып, бүгінде оның ырзығын көріп отыр.
«Мал баққанға бітеді» демекші, мүйізді ірі қара малын өсіру үшін оның күтімі мен бейнетіне шыдау қажет. Бұл ретте, кәсіпкер:
– Мен мемлекет қолдау көрсеткен осы бағдарламадан үлесімді алып, бағдарламаның сүт бағыты бойынша, сон дайақ, жұбайым Гүлназ ет бағытында қайтарымсыз грант жеңіп алып, бүгінде кәсібімізден береке табудамыз. Отбасылық кәсібімізде бірнеше мүйізді ірі қара малын сүт және ет бағытында өсіріп, оның өнімін сату арқылы ісімізді өркендетудеміз. Сондай-­ақ, қазақтың ет бағытындағы «Ақбас» және сүт бағытындағы қазақтың «Қара ала» сиырын көбейтіп, олардан алған ет және сүт өнімдерін ауылдастарға қолжетімді бағамен ұсынып отырған жайымыз бар. Сиыр біздің жергілікті мекендегі табиғатымызға өте төзімді жануар. Жусанды, селеулі даламызға бейімделген. Сондықтан мен малды шұрайлы да шөбі мол дала жайылымына бағудамын. Мұндай жерде жайылған мал ауру­сырқаудан аман болады. Сонымен бірге тез тойынады. «Мал шелді болмай, төлді болмайды» дейміз. Егер сиыр семіз болса, еті өтімді болады. Қазір елде етке деген сұраныс жоғары. Болашақта Қазақстанның ет экспорты артады деген ойдамын. Сондықтан мал басын көбейтуді жоспарлап отырмын, – дейді ол.

Бақытбек Бөлекбайұлы ба­ғы мындағы мүйізді ірі қара малынан күніне 20 литр сүт сауып, оны нарық бағасынан арзанға сататынын тілге тиек етті. Келешекте мал басын көбейтіп, сүт өнімін өндіретін арнайы цех ашып, онда сүт, айран, қатық, құрт­ірімшік сатуды жоспарлауда екенін, сонымен қатар қазіргі таңда ет бағытындағы қазақтың «Ақбас» тұқымды бірнеше бұқасын бордақыға ұстап отырғанын айтты.
– Қазақ халқында «Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі» деген дана сөз бар. Менің өміріме шексіз бақыт әкелген аяулы жарым Гүлназ екеуміз Алланың сыйға берген бақытты өмірін сүріп жатырмыз. Арамызға дәнекер болған 8 ұл­қызымыз біз үшін үлкен бақыт. Гүлназ «Алтын алқа» иегері. Балаларымның үлкені – Аягөз Ақтау қаласында жоғары оқу орнында студент. Ұлдарым Айбек, Нұрсұлтан, Мадияр қолқанатым. Малға қарап, жем­жөп салатын да солар. Әрқайсысы өз міндеттерін біледі. Бірі – су беріп жатса, бірі – қора тазалайды. Енді бірі – шөп салады. Айтпақшы, менің анам да 12 ұл­қызды үкілеп өсіріп, олардың әрқайсысын қоғамнан өз орнын табуына еңбек сіңірген Батыр ана, – дейді кәсіпкер.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
27 тамыз 2023 ж. 612 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031