» » Арманы асқақ Ақшолпан

Арманы асқақ Ақшолпан

qarmaqshy-tany.kz Жақында Т.Көмекбаев ауылының тыныстіршілігімен танысуға барған жұмыс сапарымызда ауылды нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған жас кәсіпкер Ақшолпан Дүйсенбекованың наубайханасында болып, оның жұмысымен таныстық.
Жас кәсіпкер өткен жылы «Наубайхана ісі» бойынша мемлекеттік қайтарымсыз несиеге ие болып, бүгінде тұрғындарды нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Кәсіпкер өзінің сүйікті ісімен көптен бері айналысып келе жатқанын айтады. Ол өткен жылы кәсібін кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан жұмыссыз жастарды қолдауға арналған қайтарымсыз грантты жеңіп алған. Сол арқылы арнайы құрылғылар сатып алып, нан пісіру ісімен айналысуды бастаған екен. Ақшолпанның дайындаған өнімдері қашанда тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие болуда.

«Мен мақсатты арманыма қол жеткіздім. Мемлекет басшысының жастар саясатын қолдауда, олардың білім алып, қалаған мамандығы бойынша жұмыспен қамтылуында елімізде көптеген іргелі істер жүзеге асырылуда. Мен Президентіміз бен Үкіметіміздің осындай қолдауына ие болғанның бірімін. Мемлекеттің көмегімен жетістікке қол жеткізген, ерінбей еткен еңбектің арқасында мен сияқты жастар бүгінде кәсібінен нәсіп тауып отырған жайы бар. Алла қаласа алдағы уақытта мен тағы да кәсібімді кеңейтіп, ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетсем деген ойым бар. Кәсіп қылған адам қашанда жетістікке, мақсатына жетеді. Оны көзімізбен көріп келеміз. Бұл заман жастардың қоғамнан өз орнын сайлап алып, болашақ қазақ елінің өсіп-өркендеуіне жұмыс жасайтын заман. Сондықтан замандастарыма ерінбей еңбек етіп, кәсібімен ел дамуына үлес қосса екен деген тілектемін. Биыл Мемлекет басшысы ауылдарды дамытуға Үкіметке тапсырмалар берді. Соған сай ауылдың дамуына байланысты мемлекеттік бағдарламалар өндіріске енуде. Солардың бірі – «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Бұл бағдарламаның мақсаты 2,5 пайыздық несие беру арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту, жастарды жұмыспен қамту болып табылады. Осы ретте, мен де осы бағдарлама арқылы несие алып, кәсібімді кеңейткім келеді», – деді Ақшолпан.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
29 сәуір 2023 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930