» » Жұлдызайдың биогумус цехында

Жұлдызайдың биогумус цехында

qarmaqshy-tany.kz Төребай би ауылындағы тілшілік сапарымызда бізге жол бастау көрсетіп жүрген Владимир Жақсылықұлы алдымен өткен жылы қайтарымсыз грант арқылы биогумус өндіріп жатқан Жұлдызай Серікбайқызының отбасына апарды. Жеке кәсіпкермен ауланың төрінде орналасқан шағын цехта баласымен бірге өндірген өнімін қаптарға салып, оны арнайы орынға жинап жатқан жерінен жолықтық.
Жинақы да шағын цехта жиналған дайын биогумус өнімдері мен арнайы қапқа салынған өнімдерді, сонымен қатар бақшалықта шөппен жабылған құрттарды көрдік. Одан әрі Жұлдызай биогомустың бақша егушілерге үлкен пайдасы бар екенін айта келе, оның ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуіне де көп көмегі тиетінін жеткізді. Өнімдерін тек ауылдастары арасында ғана емес, көрші ауыл, аудандарда да бақша егушілердің үлкен сұранысында екенін айтты. Тіпті, тонналап та алып жатқанын тілге тиек етті.

«Негізі биогумус өсіру отбасылық кәсіп. Жаңылыспасам бастапқыда бұл кәсіпті аудан бойынша біздер қолға алып бастадық. Оны отбасымызбен 8 жылдан бері кәсіп етіп келеміз. Жолдасым Әбілда мен балам үшеуіміз кәсібімізді одан әрі дамыту мақсатында өткен жылы ауылдағы жұмыссыз тұрғындарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында қайтарымсыз несие арқылы жоба қорғап, грант жеңіп алдық. Бүгінде сол қаржыға біршама құрал-жабдық сатып алып, кәсібімізді дамытып жатқан жайымыз бар. Алдағы уақытта бұл істі кеңейту жоспарда бар. Егер мемлекет тарапынан қолдау тапсақ» дейді кәсіпкер.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ


27 шілде 2023 ж. 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930