» » Тыңнан түрен салған

Тыңнан түрен салған

Әрбір адам түрлі салаға, ма­ман­­дыққа бейім. Бірі мем­лекеттік қыз­­метке қызығады, мекемеде жұмыс істеу­ді қалайды. Ал ендігісі форма киіп дәрігер не полиция болғысы-ақ келеді. Басқа­ла­ры өз кәсібін аш­қанды қалайды. Бір сөзбен, ма­мандық та, кәсіп­ші­лік те көп. Алайда біздің бүгінгі кейіп­керіміз Әбілда Мамбетов жұрт­тың ойы­на келе бермейтін іспен шұ­ғыл­да­нып жүр. Оның ай­туынша,құрт өсіру арқылы тыңайтқыштан таза өнім алуға болады.
Биогумус жайында естуіңіз бар ма? Ол – экологиялық таза органикалық тыңайтқыш. Оны көтерме және бөлшек сауда желісінде сатуға, жердің құнарлылығын қалпына келтіруге, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға қолдануға арналған. Ал Төребай би ауылының тұрғыны Әбілда Мәмбетов бұл жобаны қолға алғанына 3-4 жылдай уақыт  болған. Жоба қуаттылыққа шығуы үшін жақында  "Еңбек" бағдарламасымен 583 400 теңге көлемінде грант жеңіп алады.
– Оңтүстік өңір­­­­­дің жері сазды, құмшауытты, құрғақ келеді. Бұл  өсімдіктердің, көкөністерінің, дән­­­д­і-дақылдардың, жеміс-жи­­­­­­­­дек­­­­тердің тағы басқаларының тамырларын қы­сып тастап, ойдағыдай өсуіне ке­дергі келтіреді. Адам жерді баптауға жете көңіл бөлсе, ол құ­нарлы, неғұрлым қара то­пырақты бол­мақ. Жер құнарлы бол­са, егіннің мол өнім берері хақ. Әу бастан жердің қойнауында ол құнарланып отыруы үшін макро және микро­ағзалар бар. Олардың «қызметі» – шіріген органикалық заттарды  «жеу» арқылы жердің құра­мын гумуспен байытып, құнарлы қа­ра топыраққа айнал­дыру. Мак­ро­ағзаларға шылау­шындар, қырықаяқ, жүзаяқтар, қо­ңыздар, микро­ағза­ларға бактериялар жатады. Бак­те­риялардың аэробты және анаэ­робты деген екі түрі бар. Аэробты бактерия­лар жердің ауа болатын 30 сантиметр қалыңдығында, анаэроб­тысы ауа жоқ астыңғы қабатында өмір сүреді. Бұл макро-микроағзалар жер­дің құнарлылығына «қызмет етеді». 60-70 процент ылғалдылықта өмір сүреді, шірікпен қоректенеді. Кон­дицат арқылы ыл­ғал бар, талдар ар­қылы қоректенетін шірігі бар. Адам­дар осы табиғи жағдайды өз жеріне, мейлі ол жылыжай, мейлі алқап бол­сын ендірсе, жердің келе-келе құнар­лы қа­ра то­пы­раққа айналуы дау­сыз, – дейді кәсіп иесі.
Әлі де бұл не деп отырған боларсыз. Ендеше қарапайым тілмен түсіндіріп көрелік. Арнайы жер астында жүретін құрт бар ғой? Көбі оны «червяк» дейді. Соның германдық түрін әкелген кәсіпкер алдымен малдың қиын далада бірнеше уақыт, әбден кептіреді. Одан соң әлгі құртты көңге жіберіп, арасында су құйып баптайды. Ал құрт болса бірнеше уақыт арасында қиды таза, химикатсыз тыңайтқышқа айналдырады. Ол алдымен өнімнің сапасы мен дәмін арттырса, ендігісінде оның тез өсіп, тез пісуіне жол ашады. Бастысы – ешқандай қоспасыз, химикатсыз, табиғи дәмді дақыл шығарады.
– Мұны бастамас бұрын әбден зерттедім. Сөйтіп Алматы қаласына барып арнайы оқуын оқыдым. Бастапқыда 50-60 құрт сатып әкелдім. Қазір мына жерде 4 миллионға жуық құрт болды. Жалпы құрт санына байланысты, негізі 90 күн ішінде тыңайтқыш түзеледі. Бұл жоба аймақта әзірге жоқ. Қазір ауыл арасында осы тыңайтқышты келіп, сұрайтындар бар, – дейді кәсіпкер.
Әбілда Мамбетов зайыбы Жұлдызай Дастановамен осы кәсіптің көкжиегін кеңейтіп отыр. Алдағы уақытта ауқымын кеңейтіп, арнайы орынның көлемін арттырмақ. Одан соң қажетті темір техникасын да түгендемек. Айтпақшы, лабороториядан тыңайтқыш сараптамасы келсе, төребайбилік биогумус сатылым нарығына шықпақ.
Айнұр ӘЛИ
10 тамыз 2021 ж. 1 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 261

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 360

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930